Қазақ тарихында алғаш қыздар мектебін ашқан кім

Тәрбие сағаты: «Арулар сайысы»

Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі, тілі бар. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлағатты, ғибратты, тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздер аз емес.

Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын танып-білу, оны қастерлеу және бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру — әр азаматтың парызы. Осы мақсатта «Арулар» атты сайыс-бәйгені бастаймыз.

Әділқазылар алқасы

  • Аубакирова С. С. Тәрбие ісінің меңгерушісі
  • Жүкенова Б. Б. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Сайыс құрылымы

Кезеңдер (5 кезең)

  1. 1 Сұрақ-жауап
  2. 2 Қонақ күте білеміз бе?
  3. 3 Мақал-мәтел
  4. 4 Өнер сайысы
  5. 5 Поэзия минуттары

Ереже және бағалау

  • Әр қатысушыға кезекпен сұрақтар қойылады.
  • Егер қатысушы жауап бере алмаса, келесі қатысушы жауап беруге мүмкіндік алады.
  • Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Ұран: «Қазақ болып қал, қадірле қазақ халқын!»

I кезең: Сұрақ-жауап

Сұрақтар

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. 1. Қазақта топ аттылар жарысын қалай атайды?

    Жауабы: Бәйге

  2. 2. Бір топ аттылар тартыспағын қазақта қалай атайды?

    Жауабы: Көкпар

  3. 3. Ертеде елін жаудан қорғаған қазақ батырларының адам жинауын қалай атаған?

    Жауабы: Қол жинау

  4. 4. Қазақтан шыққан алғашқы ғарышкер кім?

    Жауабы: Тоқтар Әубәкіров

  5. 5. «Ата тұрып ұл сөйлесе — ержеткені болар, ана тұрып қыз сөйлесе — бойжеткені болар» деп айтқан кім?

    Жауабы: Сырым батыр

  6. 6. Қазақ тарихында алғашқы қыздар мектебін ашқан кім?

    Жауабы: Ыбырай Алтынсарин