Жұмбақтарды тап
Жалпы мәлімет
Қостанай облысы, №2 Қамысты орта мектебі. Информатика пәні мұғалімі — Рахметов Жасұлан Жанабергенұлы.
Бұл материал математика, физика және информатика пәндері апталығы аясындағы информатика пәнінен сыныптан тыс іс-шараға арналған.
Іс-шара форматы: 5–6-сынып оқушыларына арналған ойын-сайыс. Тақырыбы: «Информатика әлемінде».
Мақсаты мен міндеттері
Білімділік
Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, танымдық іс-әрекетін күшейту және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденісін арттыру.
Тәрбиелік
Өз білімін үздіксіз дамытуға ынталандыру, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу, информатика туралы білімін толықтыру.
Сабақ түрі
Сыныптан тыс жұмыс (ойын-сайыс).
Қажетті ресурстар
- Жабдықталуы: интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
- Көрнекілігі: слайд-презентация.
- Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика.
Өту барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылар екі командаға бөлінеді: I топ және II топ. Сайыс жоспары таныстырылады.
Жарыс кезеңдері:
- Кім жүйрік?
- Жұмбақтарды тап
- Ойлан да тап
- Адасқан әріптер
- Кім тапқыр?
- Кім жылдам?
Жүргізуші сөзі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Информатика әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер — сенің көмекшің,
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де —
Ақпараттық заманың!
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын!
1-кезең: «Кім жүйрік?»
Бұл кезеңде ойыншыларға қысқа сұрақтар қойылады. Жауап нақты болуы керек. Әр топқа 4 сұрақтан беріледі: жауап берілмесе, келесі топ жауап беруге мүмкіндік алады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
I топ сұрақтары
- Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы — пернетақта.
- Өшірілген құжаттар қайда сақталады? — қоқыс жәшігі.
- Бас әріпті жазу үшін қай пернені басу керек? — Shift.
- Компьютердің жанына қандай өсімдік қою ұсынылады? — кактус.
II топ сұрақтары
- Тінтуірдің неше батырмасы болады? — 2.
- Интернетке қосылуға арналған құрылғы — модем.
- WordPad-та келесі жолға өту үшін қай перне басылады? — Enter.
- Дыбыс шығару құрылғысы — колонка (динамик).
Бұл кезең соңында топтардың жауаптарына қарай ұпайлар есептеледі.
2-кезең: «Жұмбақтарды тап»
Әр топқа жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс және ағылшын тілдеріне аударады. Бір тілде жауап берсе — 1 ұпай, екі тілде — 2 ұпай, үш тілде — 3 ұпай.
I топ
-
Төртбұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек.
Жауабы: монитор — монитор — monitor -
Ұзынтұра жалқаубек, тұрмай ылғи жатады. Қозғала қалса артынан, ешбір белгі қалмайды.
Жауабы: бос орын пернесі — пробел — space -
Бұтақ орнында мың бір инесі, компьютер жаны — мекені.
Жауабы: кактус — кактус — cactus
II топ
-
Батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың.
Жауабы: тінтуір — мышка — mouse -
Тетігін бассаң алаңсыз, жазады қалам қағазсыз.
Жауабы: пернетақта — клавиатура — keyboard -
Жақтаулар арқылы шектеледі, бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.
Жауабы: терезе — окно — window(s)
3-кезең: «Ойлан да тап»
Бұл кезеңде екі топқа ребус беріледі. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Ескерту:
Ребустардың мазмұны слайд арқылы көрсетіледі (презентациямен жұмыс).
Кезең соңында жалпы ұпайлар есептеледі.
4-кезең: «Адасқан әріптер»
Информатикаға қатысты сөздер әріптері араластырылып беріледі. Тапсырма — дұрыс сөз құрастыру. Әр топқа 4 тапсырма, орындалу уақыты — 4 минут. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
| Берілгені | Дұрыс жауабы |
|---|---|
| Нимотор | Монитор |
| Пьюромтек | Компьютер |
| Енрепатқат | Пернетақта |
| Лайф | Файл |
| Рльоукятакл | Калькулятор |
| Атқсуа | Сақтау |
| Аэкторикелн | Электроника |
| Дңеөу | Өңдеу |
5-кезең: «Кім тапқыр?»
Торкөздегі әріптерден информатикаға қатысты сөздерді табу керек. Бұл тапсырмада 7 сөз жасырылған.
М К А К О М П О Н К С Т Н Ь В И Т У Ы А Ю И Т О Р Ш Қ Т Р П С К А Р Е У Е Е Т Н Е Р С Р Н А Қ Т А Ж
Жасырылған сөздер:
МОНИТОР КОМПЬЮТЕР ВИРУС КАКТУС ПЕРНЕТАҚТА СКАНЕР ТЫШҚАН
Топтардың тапқан сөздеріне қарай ұпайлар қосылады.
6-кезең: «Кім жылдам?»
WordPad мәтіндік редакторында төмендегі өлең жолдарын қатесіз теріп, қалаған түске бояңыз.
Отан — сенің ата-анаң,
Отан — досың, бауырың.
Отан — өлкең, астанаң,
Отан — аудан, ауылың.
Отан — тарих, Отан — тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан — өлең, Отан — жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.
Қорытынды
Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Ойын қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады.
Бүгінгі «Информатика әлемінде» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғыс айтамыз!