Оқушылардың әдеби ертегілер туралы түсініктерін кеңейту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Курс
Әдеби-шығармашылық курс, 5-сынып
Сабақ тақырыбы
Ақселеу Сейдімбек — «Әйел — ана»
Сабақ типі
Жаңа сабақ
Сабақ түрі
Дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдер
Әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы
Көрнекілік
Интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер
Пәнаралық байланыс
Тіл, тарих, география
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың әдеби ертегілер туралы түсінігін кеңейту.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Әдеби дүниетанымды кеңейту, пәнге қызығушылықты арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сабаққа қатысуды тексеру.
- Зейінді сабаққа аудару, сыныпты жинақтау.
IV. Жаңа сабаққа дайындық
- Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
- Сабақ мақсаттарын түсіндіру.
V. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап:
- Әдеби ертегі деген не?
- Әдеби ертегінің халық ертегісінен айырмашылығы қандай?
Тапсырма: Венн диаграммасы арқылы әдеби ертегінің басқа ертегілермен ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
VI. Жаңа сабақ
Ертегілердің бір саласы — әдеби ертегілер. Авторын жазған тұлға белгілі болғандықтан, мұндай шығармалар әдеби ертегі деп аталады. Әдеби ертегілер көбіне ел ішінде ауызша айтылып келген әңгіме-аңыздардың негізінде туады және өлең мен қарасөз түрінде беріледі.
Әдеби ертегілерде еңбекті қадірлеу, туған елді сүю, биік адамгершілік пен әділеттілік идеялары насихатталады. Кейде ақын-жазушылар балаларға арнап қызықты ертегілерді әдейі жазып, сол арқылы әдеби ертегі жанрын байытады.
Бұл сабақта Ақселеу Сейдімбектің «Әйел — ана» ертегісі қарастырылады.
Ой шақыру: Ана туралы түсінік
Әр адам жарық дүниеге келген сәттен бастап мейірімі мол, жүрегі жылы жанды көреді. Ол — Ана. Балапанын жатқа жәбірлетпей, бауырына басып қорғайтын, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да — Ана.
Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, ең бастысы — соғыстың болмауын тілейді.
Ұлт жадындағы аналар бейнесі
Біз — қазақ деген ұлы халықтың ұрпағымыз: Қыз Жібек пен Баян Сұлудай асылдың, Мәншүк пен Әлиядай ердің ізін жалғар елміз.
Ана — тіршіліктің бастауы
«Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де — ана көкірегінен нәр алып өседі.
Адам бойындағы асыл қасиеттер күннің нұрындай, ананың ақ сүтіндей дариды. «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сөздің мәні де осында. Анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір адам бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар.
Құдайдан кейінгі құдірет иесі — Ана. Сондықтан бізді жарық дүниеге әкелген ана алдында әрдайым бас иеміз.