Қоян - ұзын құлақ жабайы жануар

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы

Хайуанаттар бағындағы қызықтар

Мақсаты

  • Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру және жабайы аңдар туралы білімдерін бекіту.
  • Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Аңдардың және тордың суреттері, ойыншықтар, иллюстрациялар.

Оқу іс-әрекетінің барысы

1

Кіріспе бөлім

Сабаққа дайындық

Сабаққа дайындық ретінде балалар алдын ала хайуанаттар бағына апарылады. Хайуанаттар бағынан алған әсерлері үйде салып келген суреттерінен байқалады.

Жұмбақ шешу

Қалқиып қос құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.

Жауабы: Қоян

Халық «қу» деп,
Қылған күлкі —
Айласы көп.

Жауабы: Түлкі

Мәтінмен жұмыс: «Жануарлар әлемі»

Хрестоматияда берілген «Жануарлар әлемі» мәтіні оқылады. Мәтін арқылы балалар әлемдегі ең үлкен жануар — көк кит екенін біледі. Көк кит — теңіздегі ең ірі сүтқоректі жануар.

Негізгі дерек

Әлемдегі ең ұзын жануар — керік. Ол жануарлардың ішінде жүрегі ең үлкен аңдардың бірі. Керіктің тілі қап-қара болады.

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап әдісі арқылы мәтіннің мазмұны айтқызылады. Балаларға жануарлар әлемі туралы теледидардан, бейнематериалдардан көруге болатыны және көптеген кітаптарда кездесетіні түсіндіріледі.

Сонымен қатар Астана қаласындағы «Мұхит аралы» және Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінен көптеген жануар түрлерін көруге болатыны айтылып, суреттері көрсетіледі.

2

Негізгі бөлім

Хайуанаттар бағы деген не?

Хайуанаттар бағы — жабайы жануарларды қолда (торда, қоршауда) немесе жартылай қолда (табиғи мекендеу ортасына жақын, көлемі қоршалған аумақта) ұстайтын ғылыми-ағарту мекемесі.

Мұнда біздің елде мекен етпейтін, теледидардан ғана көретін жыртқыш және жабайы жануарларды адамдар өз көздерімен көре алады. Жануарларды хайуанаттар бағының қызметкерлері күтіп-баптайды.

Маңызды ереже

Хайуанаттар бағындағы жануарларға кез келген тамақты беруге тыйым салынады. Себебі олар ауырып қалуы мүмкін.

Сөздік жұмыс

Хайуанат
Жан-жануарлардың жалпы атауы.
Хайуанаттар бағы
Жан-жануарларды бір жерге жинап, көпшілікке таныстыру және көрсету ісімен айналысатын мекеме.

Сурет бойынша әңгіме

Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген сурет арқылы әңгіме құрастырылады. Балалар торда тұрған қасқыр, аю, көжек туралы айтып береді.

Қасқыр

  • Ит тұқымдас жануар.
  • Түсі — сұр.
  • Жыртқыш аң деп аталады.
  • Бөлтірік — қасқырдың төлі.

Қоян

  • Ұзын құлақты жабайы жануар.
  • Үйде де асырауға болады.
  • Түсі — ақ немесе сұр.
  • Өте қорқақ аң.
  • Көжек — қоянның төлі.