Тұрам ерте, Шығам ерте үйімнен

Қазақ тілі • 7-сынып

Сабақ тақырыбы: Есімдіктің түрленуі

Бұл сабақта оқушылар есімдік туралы жалпы түсінігін нығайтып, оны дұрыс меңгеріп, ауызша және жазбаша тілде еркін қолдануға машықтанады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Сабақ типі

Қайталау сабағы

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, талдау, жинақтау, СТО стратегиялары және т.б.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың есімдік туралы жалпы түсінігін орнықтыру, оны жетік меңгерту және еркін қолдануын қалыптастыру.

Міндеттері

  • Есімдіктің түрленуі бойынша алған білімдерін қайталау арқылы пысықтау, еске түсіру және бекіту.
  • Танымдық қабілеттерін арттыру, қызығушылығын ояту, ойды еркін жеткізуге дағдыландыру және сөздік қорын дамыту.
  • Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы ізеттілікке, достыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік

  • Слайдтар
  • Үлестірмелі тапсырмалар
  • Сызба-кестелер
  • Перфокарта

Пәнаралық байланыс

  • Әдебиет
  • Ағылшын тілі
  • Орыс тілі

Қолданылған әдебиеттер

  • Оқыту әдістемесі
  • Дидактикалық материалдар
I

Ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін қысқаша нақтылау, оқушыларды жұмысқа жұмылдыру.

II

Үй тапсырмасын сұрау

Тақырып: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

Қайталау сұрақтары

  1. Сан есім дегеніміз не?
  2. Сан есімдер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
  3. Сан есімдерге қандай жалғаулар жалғанады?

Қосымша: семантикалық карта (I топқа).

III

Жаңа сабақ: Есімдіктің түрленуі

Ой қозғау

Талғат биыл мектепті бітірді. Ол енді қалада оқиды. Қайда оқыса да, мен оған хат жазып тұрамын.

Мәтінмен жұмыс

Тұрам ерте,

Шығам ерте үйімнен...

Не қоям мен

Мына қарқын, түріммен?

Анау-мынау...

Белгілі ғой бәрі де.

Қалатұғын не бар дейсің бүгіннен?

Күндегі осы...

Күндегі осы тіршілік,

Жең сыбанып, кірісемін құлшынып.

Анау-мынау... бітіп еді әлгі де,

Тағы да бір анау-мынау... тұр шығып.

Тапсырма: мәтін ішінен есімдіктерді тауып, олардың мағынасын және сөйлемдегі қызметін талдап, еске түсіріңіз.

Қорытынды бағыт

Есімдіктерді табу арқылы оқушылар бұрынғы білімін жаңғыртады, ал түрлену ерекшеліктерін талдау барысында есімдіктің сөйлемдегі қолданысын нақтылайды.