Қыздардың тапсырмасы

Сабақ туралы мәлімет

Білім саласы
Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Оқыту іс-әрекет түрі
Тақырыбы
10 саны мен цифры
Әдісі
Сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Тіл дамыту, көркем әдебиет

Мақсаттары

  • 10 санының пайда болуын түсіндіру.
  • 10 санының таңбасымен таныстыру және оның екі таңбалы сан екенін меңгерту.
  • 10 санының құрамын анықтау (1 және 0 арқылы жазылатынын ұғындыру).
  • Балалардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, шапшаңдығын және сауаттылығын дамыту.
  • Дұрыс сөйлеуге, шығармашылық еңбекке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • 1 0-ден 10-ға дейінгі кеспе цифрлар.
  • 2 «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, бүгін бізге қонақтар келді. Қонақтармен амандасайық.

Психологиялық дайындық: бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы жылы лебізімізді білдірейік.

Жетелеуші сұрақтар

— Мына ағаштың басында неше торғай отыр?

Жауап: 9 торғай.

— 9 торғайға тағы 1 торғай келіп қосылды. Енді неше торғай болды?

Жауап: 10 торғай.

Негізгі түсінік

  • 10 — екі таңбалы сан.
  • 10 саны екі цифрмен жазылады: 1 және 0.
  • 9 — бір таңбалы сандардың ең үлкені.

Дәптермен жұмыс

  • 10 цифрын ауада жазып көрсету.
  • Дәптерге 10 санын жазу.

2) Ертегілер еліне саяхат

Балалар, біз қандай ертегілермен таныстық?

Енді көзімізді жұмып, ертегілер еліне саяхат жасап қайтайық. Көзімізді ашайық — ертегілер еліне келдік.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін еске түсіру

Мысық қатықты төгіп алады. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп қояды. Мысық жалынып:

— Апа, құйрығымды берші!

Қыз:

— Егер менің тапсырмаларымды орындасаң, құйрығыңды қайтарамын, — дейді.

Мысық келіседі. Балалар, мысыққа көмектесеміз бе? Тапсырмаларды орындаймыз ба?

Балалардың жауабы: Көмектесеміз, орындаймыз.

3) Тапсырмалар

1) Сиырдың тапсырмасы

Санау

0-ден 10-ға дейін тура және кері санау.

2) Ағаштың тапсырмасы

Есеп

Ағаштың басында 10 жапырақ ілініп тұр еді. Кенет жел тұрып, 5 жапырақ жерге түсіп қалды. Ағашта неше жапырақ қалды?

Жауабы: 5

3) Қыздардың тапсырмасы

Логика

Оң қолыңда неше саусақ бар? Сол қолыңда ше? Екі қолыңда барлығы неше саусақ болады?

Жауабы: 10

Сергіту сәті

Сыңғыр, сыңғыр сырғалар,

Құлағымда сырғалар.

Оң қолымда білезік,

Сол қолымда білезік.

Саусағымда сақина:

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

Отырайық тып-тыныш.

4) Дүкеншінің тапсырмасы

Көршілес сандар

3 санының көршілері кімдер?

2 4

5) Тауықтың тапсырмасы

Қосу
  • 5 + 4
  • 2 + 3
  • 0 + 3

6) Тышқанның тапсырмасы

Қатар

Сандар қатарындағы жоғалған сандарды тап:

0, …, 2, …, …, 5, …, 7, 8, …, 10

4) Қорытынды

Мысық Мақта қыздың барлық тапсырмасын орындады. Мақта қыз риза болып, мысықтың құйрығын қайта берді.

Енді ертегілер елінен өз тобымызға қайтайық. Орындарымызға жайғасайық.

Қайта сұрақ қою

— Бүгін біз қандай санмен таныстық?

— Қайда саяхаттадық?

Жарайсыңдар, балалар! «Мақта қыз бен мысық» сендерге риза болды. Барлығың да үлгілі, білімді екенсіңдер. Енді қонақтармен қоштасайық.