Көңіл сұрауды білемін

Сабақтың тақырыбы

«Көңіл сұрауды білемін». «Жолбарыс пен түлкі» (ертегі), 2-сынып.

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.1

Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау.

2.2.7.1

Мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу.

2.3.3.1

Шығармашылық жұмысты мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну.

Сабақ нәтижесі

Оқушылардың барлығы

  • Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Жазба жұмысын орындайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көбісі

  • Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
  • Өз бетінше жұмыс жасайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.
  • Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі

  • Оқулықтан тыс берілген тапсырмаларды орындайды.
  • Тақырып бойынша қосымша мәлімет пен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері

  • Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
  • Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

  • Оқулық
  • Суреттер
  • Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар
  • Топтық тапсырмалар
  • Кері байланыс парақтары
  • Стикерлер

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу
  • Түсіндіру
  • Ойын
  • Көрнекілік
  • Рефлексия

Пәнаралық байланыс

  • Музыка
  • Қазақ тілі

Сабақ барысы

Басталуы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Топтарға бөлу:

  • 1-топ: Қасқыр
  • 2-топ: Жолбарыс
  • 3-топ: Аю
  • 4-топ: Түлкі

Серпілген сауал және ой қозғау

Оқушыларға сұрақтар қойып, жауап алу.

Эпиграф

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде».

Жаңа білім

10 минут

Білу және түсіну

  • Дыбыстар арқылы сабақтың тақырыбын ашу (түлкі, қасқыр, жолбарыс).
  • Жұмбақтарды шешу:

1) Жол бойында жортқан, Сыбызғысын тартқан.

Жауабы: қасқыр

2) Өзі ширақ, өзі қу, Жүрген жері айқай-шу.

Жауабы: түлкі

Жаңа ақпарат

BilimLand порталынан: «Ай мектеп» (бастауыш сынып) бөлімінде ертегілер туралы бейнематериал көрсету.

Жаңа тақырыппен танысу

«Көңіл сұрауды білемін. Жолбарыс пен түлкі» ертегісін «Джиксо» әдісі арқылы меңгеру:

  • Мәтінді үзінділерге бөліп, топтарға тарату.
  • Жеке, жұптық және топтық жұмыспен мазмұнын түсіну.
  • Оқулықтағы негізгі бөліммен танысу.

Ортасы

10 минут

Қолдану: топтық тапсырмалар

  • 1 1-топ: Мәтін бойынша сурет салу.
  • 2 2-топ: Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • 3 3-топ: Венн диаграммасы арқылы топтастыру.
  • 4 4-топ: Сахналау.

Талдау: ойлан, болжа, сипатта

  • «Жолбарыс пен түлкі» ертегісін сендер қалай аяқтар едіңдер? Соңын болжап көріңдер.
  • Жолбарыс пен түлкіні сипаттап беріңдер (мінезі, әрекеті, мақсаттары).

Мұғалім туралы

Мұғалімнің аты-жөні: М. Абдурахманова

Қосымша материал: «Жолбарыс пен түлкі» (жүктеу).