Бүгін бізде осы мәселенің басын ашуға сарапшыларымыз бен қонақтарымызды ортаға шақырсақ

Тақырыбы

Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Мақсаты

  • «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызын негізге ала отырып, дінді бұрмалау арқылы қоғамда араздық, дұшпандық, жеккөрушілік тудыратын, адамның санасын улайтын және әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағытқа бастайтын діни ағымдар туралы түсіндіру.
  • Студенттерге заңсыз, жат діни ұйымдар туралы нақты мәлімет беру.

Міндеттері

  1. 1. Білім алушыларды идеологиялық тақырыптарға арналған ақпарат көздерімен таныстыру; жастарға діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру.
  2. 2. Бірлескен іс-әрекет арқылы сұрақ-жауап жүргізіп, пікір алмасу.
  3. 3. Келер ұрпақты өмір қауіпсіздігіне, жанашырлыққа және бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру формасы

Кездесу сағаты

Жабдықталуы

LED экран, шарлар

Көрнекіліктер

Видеороликтер

Тәрбие әдіс-тәсілдері

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, демонстрация.

Тәрбие сағатының барысы

1-бөлім. Ашылуы

Би: Толқын, А. Әсел, Ксения, Жанатжан, Жазира, Гүлшат, Гүлайым, З. Шырайлым. Жетекшісі: Гафкенова С. К.

Жүргізуші (Зүра): Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, білім алушылар! Бүгінгі кездесу сағатында халықаралық деңгейдегі өзекті мәселе — діни экстремизм мен терроризм туралы сөз қозғаймыз. Қоғамда «терроризм», «экстремизм», «радикализм», «салафизм» сияқты терминдер жиі қолданылады. Ендеше, осы ұғымдарға қысқаша түсінік берейік.

Негізгі ұғымдар

Экстремизм

Гаухартас

«Экстремизм» латын тіліндегі extremus — «шеттеу», «орталықтан ауытқу» деген мағынаны береді. Бұл — тәртіпке бағынбау, тек өз пікіріне сүйеніп әрекет етуге бейімділік. Экстремистік көзқарастар көбіне надандық пен көрсоқырлықтан туындайды: «менікі дұрыс, өзгенікі бұрыс» деген ұстаным басым болады.

Радикализм

Аяулым

«Радикализм» латынның radix — «түбір», «тамыр» сөзінен шыққан. Бастапқыда саясатқа қатысты қолданылған. Радикализм — қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік-саяси жүйемен келіспей, оны түбегейлі қайта құруды ұсынатын көзқарас. Кейін «діни радикализм» ұғымы діни фундаментализм, фанатизм және экстремизммен байланысты қауіп-қатерлерді сипаттауда да қолданыла бастады.

Терроризм

Айида

Терроризм — қазіргі заманның ең қауіпті індеттерінің бірі. Латынның terror сөзі «қорқыныш», «үрей» дегенді білдіреді. Терроризмнің мақсаты — қоғамға қысым көрсету, мемлекеттердің және халықтардың тыныш өміріне кедергі келтіру, адамдардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіру. Ол көбіне ұйымдасқан топтың белгілі бір мақсатқа жету үшін күш қолдану арқылы әрекет етуінен көрінеді.

Діни терроризмнің қаупі

Балжан

Терроризмнің ең қауіпті түрлерінің бірі — діни терроризм. Себебі елімізде ар-ождан бостандығы қамтамасыз етілген: әр адам өз таңдауы бойынша дінді ұстануға құқылы. Алайда бұл еркіндікті теріс мақсатта пайдаланатын заңсыз ұйымдар да кездеседі. Соңғы жылдары түрлі діни ағымдардың саны артты: 1990-жылдары шамамен 10 бағыт болса, бүгінде олардың саны 160-тан асады деген дерек айтылады.

Қоғамдық қауіп-қатер және құқықтық негіз

Қоғамдағы ең өзекті қауіп-қатерлердің бірі — халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм. Осыған байланысты Қазақстанда 1999 жылғы 13 шілдеде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданып, бірқатар ұйымдардың қызметіне шектеу қойылды.

Заңнан үзінділер

  • 7-бап: терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыреті.
  • 20-бап: адамдардың террористік іс-әрекетке қатысқаны үшін жауаптылығы.

Аталатын ағымдар (мысалдар)

Ахмади ағымы, «Исматуллашылар» тобы, уаххабилік (діни-саяси ағым), Иегова куәгерлері, «Таблиғи жамағат».