Кубизм әдісі

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Бұл сабақта оқушылар баяндауыштың анықтамасын меңгеріп, оның құрылымдық түрлерін ажыратады, баяндауыштың қандай сөз таптарынан жасалатынын анықтайды және мәтін мен сөйлем негізінде тілдік талдау жүргізеді.

Негізделген оқу мақсаты

  • Баяндауыштың анықтамасын түсінеді.
  • Баяндауышты құрылысына қарай жіктей алады.
  • Баяндауыштың қандай сөз таптарынан жасалатынын анықтай алады.
  • Мәтіннен баяндауыштың жасалу жолдарын түсіндіреді.
  • Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді талдайды.

Негізгі ұғым

Негізгі сөздер мен тіркестер: үйірлі мүше

Сабақтың өзегінде сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін (бастауыш пен баяндауышты) тану және баяндауыштың жасалу тәсілдерін дәлелмен көрсету дағдылары жатыр.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Баяндауыштың анықтамасын түсінеді.
  • Баяндауышты құрылысына қарай жіктей алады.

Оқушылардың басым көпшілігі

  • Мәтіннен баяндауыштың жасалу жолдарын түсіндіреді.
  • Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді талдайды.

Кейбір оқушылар

  • Баяндауыштың қандай сөз таптарынан жасалатынын анықтай алады.
  • Мәтінге тілдік талдау жасай алады.

Тілдік мақсат

Дағдылар бойынша

  • Тыңдалым: сөздерді баяндауыш етіп қолданып, сөйлем құрай алады.
  • Айтылым: бастауыш пен баяндауыштың ережесін өздері шығарып, қорытынды жасайды.
  • Оқылым: мәтінді жылдам оқып, негізгі ойды анықтайды.

Диалог пен жазылымға қолдау

Талқылау: баяндауыштың жасалу жолдарын диалог түрінде талдайды.

Сұрақ үлгісі: «Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?»

Жазылым бойынша ұсыныс: емле ережелерін сақтап, сауатты жазуға назар аударту.

Сабақ барысы

Басталуы

Психологиялық ахуал орнату (5 минут)

  • Оқушылар есімдерінің бас әрпінен басталатын сын есімдерді айтады.
  • Жұмбақ арқылы топқа бірігеді.

Үй тапсырмасын тексеру: «Кубизм» әдісі (5 минут)

Мұғалім «Кубизм» әдісі арқылы сұрақтар қойып, үй тапсырмасын пысықтайды.

«Миға шабуыл» (3 минут)

Флипчартта аяқталмаған сөйлемдер көрсетіліп, оқушылар оларды толықтырып, жаңа тақырыпқа жетелейді.

Ортасы

Топпен жұмыс: постер қорғау (10 минут)

1-тапсырма: жаңа сабақ бойынша таныстырылым (постер) дайындап, қорғау.

  • 1-топ: баяндауыш туралы түсінік.
  • 2-топ: баяндауыштың құрылысына қарай жіктелуі.
  • 3-топ: баяндауыш болатын сөз таптары.

Ақпарат

Мектеп
Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп
Мұғалім
Темірқұлова Мадина

Қажет болған жағдайда құжаттың толық нұсқасын жүктеп алып, жоспарды сынып ерекшелігіне қарай толықтыруға болады.