Ыстық бұлақтар мен гейзерлер

Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған «Біз — тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты үздік сабақтар бәйгесіне ұсынылатын сабақ жоспары.

Білімділік

Оқушыларды жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер туралы, олардың пайдасы мен зияны және ықтимал зардаптары жөніндегі мәліметтермен таныстыру.

Дамытушылық

Зейінін, ойлауын, пәндік стильде сөйлеу мәдениетін, картамен жұмыс істеу дағдысын және танымдық қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік

Табиғат құбылыстарына қырағы болуға және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Түрі мен әдістері

  • Сабақтың түрі: аралас.
  • Әдістері: АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технология), сын тұрғысынан ойлау, тірек-сызба, топтастыру, сандық бақылау, картамен жұмыс, өзекті сұрақ қою және т.б.
  • Пәнаралық байланыс: сурет, археология, әдебиет, тарих.

Көрнекіліктер

  • Дүниежүзінің физикалық картасы
  • Слайд, оқу фильмі
  • Кестелер, кескін карта, тірек-сызбалар
  • Түрлі үлестірмелер, ватман, маркерлер

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал, топқа бөлу, мақсат қою.

II. Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын ойын арқылы сұрау, сергіту.

III. Мағынаны тану

Жаңа тақырып, ұғымдар, фильм, талқылау.

IV. Ойтолғаныс

Сандық бақылау, карта жұмысы, топтық тапсырмалар.

V. Қорытындылау

Негізгі ойды түйіндеу.

VI–VIII. Бағалау, үй жұмысы, кері байланыс

Өзін-өзі бағалау, тапсырма беру, ұсыныс жинау.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

Оқушылармен амандасу. «Тәуелсіздікке тілек» арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Тілек үлгілері:

  • Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
  • Халқымыз гүлдене берсін!
  • Тәуелсіздік құтты болсын!
  • Үнемі биіктен көрінейік!
  • Баршаңызға сәттілік тілеймін!

«Жұлдыздары жарасқан» қағидасы бойынша оқушыларды төрт топқа бөлу: көк, қызыл-сары, қара, жасыл. Сабақ мақсаты таныстырылады.

II. Қызығушылықты ояту (8 минут)

«Тәуелсіздікке тарту» ойыны

Шарты: «Жер қыртысының қозғалысы» тақырыбы бойынша үй тапсырмасы сұралады. Оқушылар 3 конверттің бірін таңдайды (2000, 5000, 10000 теңге). Сұрақтың күрделілік деңгейі оның «бағасымен» белгіленеді.

Қорытынды: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына «ең бағалы сый» жасаған — ең білімді топты бірлесе анықтау.

Сергіту сәті (2 минут)

«Ақын аға ізімен…» мәтіні оқылады/айтылым жасалады.

Ерте, ерте, ертеде, Өскемен деген өлкеде, Иық бұрмай тек білімнен басқаға, Қатар өсті жиырма үш бірдей жас бала. Қатар жүріп сан өнерге машықты, Бірге оқып, бірге өнерге асықты. Жиырма үшіне назар бұрды ел ерек, Өйткені олар арманшыл еді керемет. Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға. Сол арманға жету үшін, бірақ та, Оқу менен білім керек әманда!

III. Мағынаны тану (8 минут)

Тақырып: жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер. АКТ әдісі қолданылады (слайд), қысқа оқу фильмі көрсетіледі (2 минут).

Негізгі ұғымдар

Жанартау
Жанартау көмейі
Кратер (грекше «тостаған»)
Лава
Сөнген жанартау
Сөнбеген жанартау
«Ұйқыдағы» жанартаулар
Арасан суы
Гейзер (исландша «шапшу, лақ ету»)

Қарастырылатын мәселелер

  • Жанартаудың пайда болуы және құрылысы
  • Сөнген және сөнбеген жанартаулар
  • Жер бедерін қалыптастырудағы жанартау әрекеттерінің маңызы
  • Ыстық бұлақтар мен гейзерлер, арасан сулары (аймақтық компонент)

IV. Ойтолғаныс (15 минут)

1-тапсырма: Сандық бақылау (4 минут)

Ереже оқылады. Топтағы оқушылар сағат тілі бағытымен нұсқаларға бөлініп, жауап нөмірін белгілейді. Ұғымдардың оқылу реті: 1) Сөнген жанартау 2) Арасан 3) Гейзер 4) Лава 5) Кратер 6) Жанартау.

Сандық бақылау мәтіні

  1. 1. Атқылауы жөнінде ешбір мәлімет қалмаған жанартау.
  2. 2. Температурасы 100°С-қа дейін жететін, құрамында түрлі тұздар мен газдар кездесетін су.
  3. 3. Оқтын-оқтын ыстық су мен бу атқылап тұратын су көзі.
  4. 4. Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айырылатын магма.
  5. 5. Жанартау көмейінің жоғары жағындағы тостаған тәрізді ұңғы.
  6. 6. Көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас т.б. атқылап, жер бетіне отты қоймалжың зат — лава тасып төгілетін конус пішінді тау.

Жауап кілті

  • 1-нұсқа: 354–621
  • 2-нұсқа: 156–423
  • 3-нұсқа: 423–156

Ескерту: Нұсқалар сынып құрылымына қарай мұғалім тарапынан реттеледі.

2-тапсырма: Картамен жұмыс (3 минут)

Картамен жұмыс: жанартаулардың географиялық координаталарын анықтап, кескін картаға белгілеңдер.

1-топ (көк)

Котопахи, Этна

2-топ (қызыл-сары)

Килиманджаро, Фудзияма

3-топ (қара)

Ключи шоқысы, Орисаба

4-топ (жасыл)

Везувий, Кракатау

3-тапсырма: Жердің ішкі энергиясын пайдалану (8 минут)

Құралдар: ватман, 4 түсті маркер. Шарты: әр топ 1 минут ішінде бір түсті маркермен өз ойларын жазады. Соңында ең мазмұнды жауап берген топ анықталады. Әр топтан бір оқушы қорғайды.

1-топ

Жанартау мен ыстық бұлақтардың пайдасы

2-топ

Жанартау мен ыстық бұлақтардың зияны

3-топ

Жанартауларды зерттеудің маңызы

4-топ

Зардаптардың алдын алу жолдары

V. Қорытындылау (1 минут)

Тәуелсіздігіміздің ұзақ әрі баянды болуы, экономиканың қарқынды дамуы — білімді, жауапкершілікті азаматтарға байланысты екені атап өтіледі.

VI. Бағалау (3 минут)

Өзін-өзі бағалау және топаралық бағалау арқылы жиынтық баға қойылады.

VII. Үй тапсырмасы (2 минут)

  • § 22 оқу.
  • 79–84-беттер.
  • 3-қадам тапсырмасы.

VIII. Кері байланыс (2 минут)

Оқушылар сабақ туралы пікірін айтады, ұсыныстарын білдіреді.

Автор туралы мәлімет

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы әкімдігінің Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі КММ.

География пәні мұғалімі: Жандыкенова Жайнагүл Мағатайқызы (құжатта: Жайнагүл Магатаевна).