Қазір көктемнің қай айы

Сабақ туралы мәлімет

Тәрбиеші: Жармағанбетова Гүлмира Қаламбекқызы

Тобы: № 8 «Желкен» ортаңғы тобы

Білім беру салалары

  • Әлеуметтік орта
  • Қатынас
  • Шығармашылық
  • Таным

Бөлімі

Экология негіздері

Тақырып Су асты әлемі

Мақсаттары

  • Балаларға су асты әлемі туралы түсінік беру.
  • Су асты тұрғындарын дұрыс атауға үйрету және сөздік қорын толықтыру.
  • Айналамен өзара қарым-қатынас орнату, мінез-құлық мәдениеті дағдыларын меңгерту.
  • Үлкендермен және достар арасында әдептілікке баулу, табиғатты сүюге әрі оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Слайд

Су асты әлемі туралы иллюстрациялар.

Видео

Мұхит тұрғындары туралы қысқа деректі үзінді.

Дыбыс

Теңіз дыбыстары (фон ретінде).

Суреттер

Су жануарларының бейнелері.

Оқу іс-әрекетінің барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқу іс-әрекетін бастамас бұрын қонақтармен амандасамыз.

2) «Шаттық шеңбері»

Қайырлы таң – алтын күн!
Қайырлы таң – көк аспан!
Қайырлы таң – мөлдір су!
Қайырлы таң – Жер-ана!

3) Көктем туралы әңгіме және сұрақтар

Қары кетіп даланың, ауылдарда су ақты. Ақ жүзіндей ананың күндер келді шуақты. Бұл қай кезде болады?

  • Балалар, көктем мезгілінде неше ай бар?
  • Ай аттарын атайық.
  • Қазір көктемнің қай айы?
  • Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалардың жауаптарын толықтыра отырып: көктемде қар ериді, еріген су жерге сіңеді. Қалғаны сай-саламен ағып, өзен-көлдерге қосылады.

Сол суды нелер мекендейді? Осы сұрақ арқылы су жануарлары тақырыбына өтеміз.

4) Теңізге «саяхат»

Бүгін біз кемемен теңізге саяхатқа шығамыз. Кемеге мінбес бұрын қауіпсіздік белбеулерімізді тағамыз.

Достар, бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз —
Міне, біздер қандаймыз!

Өзен, көлге, теңізге
Саяхатқа шығамыз.
Әрқашанда біргеміз,
Бөлінбейді іргеміз!

5) Жаңа сөздермен жұмыс

Интерактивті тақта арқылы мұхит тұрғындары туралы деректі фильм көрсетіледі. Бейнематериал негізінде жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі (слайд көрсету).

Медуза

Медуза көбіне домалақ, шар тәрізді болады. Кейбір түрлері улы болуы мүмкін, сондықтан сақ болу керек. Кей жағдайда адам денесіне тисе, теріні ашытып, күйдіргендей әсер береді.

Термин Қауіпсіздік