Әңгімеден жазушының боранды неге теңегенін тауып оқыту

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Тақырып

«Боран» — М. Әуезов. («Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған үзінді)

Сабақтың типі мен түрі

  • Типі: жаңа сабақты меңгерту
  • Түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап Топпен жұмыс Топтастыру «Сиқырлы қалам» ДЖИКСО Әңгіме кестесі Т-кестесі Бес жолды өлең

Ресурстар және байланыс

  • Көрнекілігі: интерактивті тақта
  • Пәнаралық байланыс: дүниетану, география

Сабақтың мақсаттары

  • М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған «Боран» мәтінін оқып, негізгі ойы мен идеясын түсіну.
  • Мәтін бойынша тапсырмалар орындау арқылы өз ойын жүйелеп, жеке және топтық жұмыс барысында шығармашылық тұрғыдан іздену; танымдық қабілетті дамыту және ой-өрісті кеңейту.
  • Ұлы тұлғалар өмірінен үлгі алуға және табиғаттағы өзгерістерді байқап, байыптай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындығын тексеру, назарды сабаққа шоғырландыру, жұмыс форматын нақтылау.

II. Үй тапсырмасын пысықтау («Сиқырлы қалам» әдісі)

Тапсырмалар

  1. Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа айту.
  2. Сұрақтарға жауап беру.

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Ақын қысты кімге теңейді?
  2. Қыстың күйін қалай бейнелеген?
  3. Малшы туралы не айтылған?
  4. Өлеңдегі адам кейпіндегі қысты көз алдыңа елестетіп көр.

III. «Өткен өмірден» тарауы бойынша сұрақ-жауап

Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, негізгі оқиғаларды, кейіпкерлерді және ой түйінін нақтылайды.

IV. Үй тапсырмасын қорытындылау

«Абай кім?» сұрағына жауап беру арқылы өткен материал жинақталады.

Абай туралы кестелік талдау

Ақын

«Жаз», «Күз»

Сазгер, композитор

«Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы»

Аудармашы

Абайдың аудармашылық қырына мысалдар келтіру (сыныппен толықтыру).

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

«Бұл кім?» сұрағы арқылы оқушыларға Мұхтар Әуезовтің суреті ұсынылады. Оқушылар жазушыны танып, оның шығармашылық орны туралы қысқаша ой бөліседі.

Мағынаны тану: «Боран» ұғымын ашу

Ассоциация құру

«Боран» сөзіне қатысты ойлар мен бейнелерді топтастырып, ортақ түсінік қалыптастыру.

Сурет бойынша талдау

  • Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
  • Олар неге қарсы жүріп келеді?
  • Жылдың қай мезгілі? Оны неден байқадыңдар?

«Сөз сыры»

Боран — қатты ұйытқып соққан, қарды бұрқыратып көтеретін екпінді жел.

Мәтінмен жұмыс: ДЖИКСО әдісі

1-қадам: Бөлімдерге бөлу

Тақырып материалы мағыналық бөліктерге бөлінеді.

2-қадам: Топтарға үлестіру

  • 1-топ: «…суық қатайғаннан… шыдатарлық емес»
  • 2-топ: «Ығы кетіп… шыдап болмады»
  • 3-топ: «…қанша екені белгісіз… азан салады»

3-қадам: Оқу және жинақтау

  • Топта оқу (5 минут).
  • Талқылау.
  • Тезис жазу.
  • Ұжымдық талқылау: әр топтан бір оқушы түсіндіріп шығады.
  • Кезектестіріп сұрақ қою.

Мұғалім ақпараты

Боран көрінісі арқылы жазушы табиғаттың тосын мінезін ғана емес, адам төзімі мен ерік-жігерін де ашып көрсетеді.

Тапсырмалар

1-топ

Әңгімеге сүйене отырып, үсінуден сақтанудың жолдарын айтып бер.

2-топ

Мәтіннен Абайдың мазасы кеткенін білдіретін жолдарды тауып, мәнерлеп оқы.

3-топ

Әңгімеден жазушының боранды неге теңегенін тауып, үзіндіні оқып бер.

Қорытынды

«Талапты табады, табанды жеңеді».

М. Әуезов

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
  • М. Әуезов туралы реферат жазу.