Жапырақтың үстіңгі өңінің астына орналасқан жасушалар
Биология (6-сынып) — §12
Тақырып: Сабақ — өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізетін мүше.
Сабақтың мақсаты
- Өсімдік сабағының сыртқы және ішкі құрылысы, сабақтың бойлап және жуандап өсуі, камбийдің рөлі, жылдық сақиналар туралы түсінік беру арқылы оқушылардың вегетативті мүшелер жөніндегі білімін тереңдету.
- Өзіндік жұмыс арқылы білімді өз бетімен қабылдау және қолдану дағдыларын дамыту.
- Әр істі саналы орындауға және қоршаған ортамен жауапты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
- Техникалық құралдарды пайдаланып түсіндіру
- Кестелермен жұмыс
- Венн диаграммасын толтыру
Көрнекі құралдар
- Сызбанұсқалар
- Суреттер
- Кестелер
- Слайдтар
Пәнаралық байланыс
- Экология
- География
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру
A) Сәйкестендіріңіз
- Өсімдік пен қоршаған орта арасындағы газ алмасуды жүзеге асырады.
- Жапырақты үстіңгі және астыңғы жағынан қаптап тұратын қабат.
- Бұл жерде ауаға толған жасушааралық қуыстар орналасады.
- Жапырақтың үстіңгі өңінің астында орналасқан жасушалар.
- Жарты ай немесе бүйрек пішінді, бір-бірімен жанасқан жасушалар.
- Бұл жасушалар жапырақтың жұмсағын құрайды.
- Бұл жерде жасыл бағаналы жасушалар орналасқан.
- Жасушалар жапырақты бүлінуден қорғайды.
Ә) Фотосинтезге қажеттілерді таңдаңыз
Б) Қай пайымдаулар дұрыс? (дұрыс — «+», бұрыс — «−»)
- Су мен көмірқышқыл газын сіңіріп, жарықтың әсерінен минералды заттардың түзілу құбылысы фотосинтез деп аталады.
- Оттегі жапыраққа сағағы арқылы өтеді.
- Қанттың түзілуі өсімдіктің барлық мүшелерінде жүреді.
- Фотосинтез тек жарықтың әсерінен жүреді.
- Фотосинтез кезінде оттегі ауаға таралады.
- Қант тек жапырақтың хлоропластарында түзіледі.
- Су мен көмірқышқыл газын сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық заттардың түзілу құбылысы фотосинтез деп аталады.
Жаңа сабақты меңгеру
Оқушыларға мәтінді оқып шығуға 10 минут уақыт беріледі. Сабақ төмендегі жоспар бойынша меңгеріледі:
- Сипаттама
- Қызметі
- Түрлері
- Сабақтың ішкі құрылысы
- Сабақтың бойлап және жуандап өсуі
- Зертханалық жұмыс
1) Сипаттама
Сабақ — өсімдіктің жер асты және жер үсті мүшелерін байланыстыратын, қоректік заттарды өткізетін және кейде оларды қорға жинайтын вегетативті мүше.
Дереккөз туралы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Б. Амалбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп.
Биология пәні мұғалімі: Кубеева Гүлшахар Жарылғапқызы
Толық нұсқасын жүктеу (мәтінде сілтеме берілмеген).