Қыстырма сөздің тыныс белгілері
Сабақтың барысы
Төмендегі құрылым оқушылардың белсенді қатысуына, тақырыпты түсініп меңгеруіне және ережені тәжірибеде қолдануына бағытталған.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық дайындық: «Мен туралы 3 ақпарат» (2 шындық, 1 жалған).
- «Қарлы кесек» ойыны арқылы топқа бөлу.
- Бағалау парақшаларын тарату: Дұрыс Орташа Дұрыс емес
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма: 60-жаттығу (77-бет). Суретке қарап, қыстырма сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.
Әр оқушының жауабы тыңдалып, бағалау парақшасына белгіленеді.
III. Өткенді пысықтау
«Ашық микрофон»: журналист рөлінде сұрақтар қойып, жауап береміз.
Топтық жұмыс
Әр топ қарсы топқа қыстырма сөз бойынша 3 сұрақ дайындайды.
Негізгі сұрақтар
- Қыстырма сөз дегеніміз не?
- Қыстырма сөзді қатыстырып 1 мысал келтір.
- Қуаныш, реніш мәнін білдіретін қыстырма сөздерді ата.
- Ойды санамалап, дәлелдеу үшін қолданылатын қыстырма сөздерді ата.
- Қыстырма сөздер мағынасына қарай қандай топтарға бөлінеді?
- Қыстырма сөз сөйлем мүшесі бола ала ма?
Анықтама
Қыстырма сөз — сөйлемдегі ойға сөйлеушінің көзқарасын білдіретін, бірақ өздері сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер.
Қуаныш/реніш
амал қанша, абырой бергенде, бағымызға қарай
Санамалау/дәйектеу
біріншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында
Жауаптар бағалау парақшасына белгіленеді.
IV. Жаңа сабақ
Дәптермен жұмыс
- Бүгінгі күнді жазу.
- Көркем жазу: Ққ.
Мақсат қою
Бүгінгі тақырыпты табу үшін аннаграмманы шешеміз:
ҚСЫЫТМРА СЗӨІДҢ ТЫЫСН БЛЕІГЕЛІР
Дұрыс жауабы: Қыстырма сөздердің тыныс белгілері
Проблеманы ашу: «Сәйкестендір» ойыны (64-жаттығу)
Тапсырма: қыстырма сөзі бар сөйлемді оған сәйкес сызбамен сәйкестендір. Жауабыңның дұрыстығын дәлелде.
1. Демек, кітапханаға таңертең барамыз ғой.
2. Болашақта мен ғарышкер болармын, бәлкім.
3. Сен, әуелі, есебіңді шығар.
4. Айтпақшы, мен ертең жол жүргелі жатырмын.
5. Бүгін жаңбыр жауады-ау, шамасы.
Талқылау сұрағы: Қыстырма сөздің тыныс белгілері қай жағдайда қойылады?
Жауаптар бағалау парақшасына белгіленеді.
Ереже (қорытынды)
Қыстырма сөздер сөйлемде үтір арқылы бөлінеді:
а) Басында
Қыстырма сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады.
ә) Ортасында
Қыстырма сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады.
б) Соңында
Қыстырма сөз сөйлемнің соңында келсе, үтір одан бұрын қойылады.
Мысалдар
- Шынында, ол кезде бәріміз жас едік.
- Осының бәрін, әрине, өзі жалғыз істеген жоқ.
- Жақып түсінігі бар бала, меніңше.
Сергіту сәті
Видео арқылы қимыл-қозғалыс жаттығуы: «Аяқпенен топ-топ».