Оқытушының кіріспе сөзі

Деңгейі: _____ (базалық)

Сабақтың түрі: аралас

Лексикалық тақырып: Әуесқойлық

Мекеме

Ақмола облысы, Бурабай ауданы

Тілдерді оқыту орталығы

Маширова Анар Қалымжанқызы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқытушының кіріспе сөзі: «Қайырлы күн, құрметті конференцияға қатысушылар!» Сабақ базалық деңгейге арналған. Лексикалық тақырып — «Әуесқойлық».

Психологиялық жағдаят: танысу

Оқытушы өзімен таныстырады: «Менің атым Анар Қалымжанқызы».

Қатысушыларға кувейткалар таратылады: әркім өз атын жазады және атының алғашқы әрпінен басталатын, өзіне тән жақсы қасиетті білдіретін бір сын есім қосады.

Мысал

«Мен ақкөңіл Анармын».

II. Жаңа сөздермен танысу: «Артығын тап» ойыны

Жұмыс дәптеріндегі тапсырма: төрт сөз берілген, соның ішінен артық сөздің астын сызыңыз.

1–4

  1. Бор, тақта, компьютер, жапсырма
  2. Терезе, әуестік, үстел, есік
  3. Жинастыру, қайшы, қағаз, желім
  4. Орман, тоғай, дала, топтама

5–8

  1. Мектеп, ғимарат, төсбелгі, мекеме
  2. Кітап, дәптер, жинақ, өшіргіш
  3. Сәнқой, көңілшек, еріншек, әуесқой
  4. Мақтан ету, сұрақ қою, жауап беру, жазу

Сөздік (аударма)

жапсырма
наклейка
әуестік
увлечение, хобби
жинастыру
собирать
топтама
коллекция
төсбелгі
значок
жинақ
коллекция
әуесқой
увлечённый
мақтан ету
гордиться

Жаңа сөздерді бекіту: сөйлемді толықтырыңыз

  1. Азамат «Өсімдік әлемі» тақырыбы бойынша маркаларды жинастырып жүр.
  2. Ол біраз уақыт жапсырма жинаумен әуестенді.
  3. Сәуленің топтамасында қанша төсбелгі бар?
  4. Айгүл өз топтамасын мақтан етеді.
  5. Бүгін сабақта «Менің әуесқойлығым» тақырыбына шығарма жаздық.
  6. Күләштің жинағында жүзден астам төсбелгі бар.

III. Оқылым

Әуесқойлық — «увлечение», «хобби» деп те айтылады. Бұл сөз XVIII ғасырда неміс тілінде «ағаш ойыншық» деген мағынаны білдірген.

Белгілі композитор Вольфганг Моцарт 3 жасынан музыкамен әуестенген, 4 жасында пьесалар жазып, концерттер қойған.

Швеция королі Густав V кесте тігумен әуестенген.

Арнольд Шварценеггер Hammer машинасының ойыншықтарын жинаған.

Дания ханшайымы Маргарет сурет салуды жақсы көрген.

Орыс патшасы Петр I күміс ақша жинаумен әуестенген.

Тапсырма A

Мәтінді тізбектеп оқыңыз.

Тапсырма Ә

«Суреттер сөйлейді»: суреттерді мәтіндегі тиісті сөйлемдермен сәйкестендіріңіз.

IV. Грамматикалық тақырып: шығыс септігі және «астам» демеулігі

Сан есімге шығыс септігінің -нан/-нен, -дан/-ден, -тан/-тен жалғаулары жалғанып, оған «астам» демеулігі қосылғанда, мөлшерінен артық деген мағына білдіреді.

Мысал

Жинақта оннан астам жапсырма бар.

V. Жазылым

Тапсырма: берілген сандарды шығыс септігінің жалғауы мен «астам» демеулігін қосып, сөзбен жазыңыз.

  1. КАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсыруға 100 мемлекеттік қызметкер қатысты.
  2. Сәбира дүкеннен 50 төсбелгі сатып алды.
  3. Топтамаға 220 жапсырма жиналды.
  4. Гүлнәр өз топтамасындағы қызыл қызғалдақ гүлінің 90 түрі бар екенін мақтан етеді.
  5. Жинаққа 60 түрлі-түсті асыл тасты бұйымдардың көшірмесі жасалды.

Жауап парағы (толтыруға)

1) 100 — __________________

2) 50 — __________________

3) 220 — __________________

4) 90 — __________________

5) 60 — __________________

Сергіту сәті: «Қате шыққан факс» ойыны

Шарты: 3–4 адамнан тұратын 3 команда ортаға шығады. Әр команданың соңында тұрған адам дайын парақшадағы сөзді таңдайды. Ол адам алдыңғы тұрған адамның арқасына сөзді сурет арқылы жеткізеді. Екінші адам өз түсінгенін келесі адамның арқасына салады. Соңғы қатысушы не салынғанын айтуы тиіс.

Үй Гүл

VI. Тыңдалым

Бейнефильм: «Сіріңкеден макет жасайтын боксшы». Тыңдалымнан кейін викторина (сұрақ-жауап) жүргізіледі.

Оқытушыда 5 кәдесый бар: бұйымдарда Бурабай өңірінің көріністері бейнеленген. Кәдесый алу үшін қатысушылар тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді.

  1. Спортшы Бограт Григорян спорттың қай түрімен айналысады? (бокс)
  2. Спортшы немен әуестенеді? (сіріңкеден макет жасаумен)
  3. Шіркеу жасауға қанша уақыт кетті? (1 жыл)
  4. Қазір шебердің қанша туындысы бар? (20-ға жуық)
  5. Мәтінде тақырыпқа сай қандай сөз кездеседі? (хобби)
  6. Макеттің биіктігі неше сантиметр? (1 метр 40 см)

VII. Қорытындылау: сөйлесім

Сұрақ: «Бос уақытыңызда немен айналысасыз? Немен әуестенесіз?» Қатысушылар өз әуесқойлығы туралы қысқаша әңгімелейді.

Үй тапсырмасы

  • Жаңа сөздерді жаттау.
  • Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру.

Ескерту

Сабақ барысында тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалады: лексика → мәтін → грамматика → жазылым → тыңдалым → сөйлесім.

Құрастырушы: Маширова Анар Қалымжанқызы — Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Тілдерді оқыту орталығы.