Деректі зат есім Дерексіз зат есім

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сынып

6-сынып

Тақырып

Сын есім

Сабақ түрі

Дәстүрлі

Сабақтың мақсаты

  • Сын есім туралы түсінік қалыптастыру, жалпы мағлұмат беру, сын есімнің сындық қасиеттерін ашу.
  • Түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, байқампаздығын дамыту.
  • Елін, жерін сүйетін, тілін қастерлейтін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер, құралдар, байланыс

Сабақ әдісі

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, салыстыру, талдау.

Көрнекіліктер

Ребус, кеспе қағаздар, перфокарта.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, математика.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын сұрау

I топ

123-жаттығу

II топ

126-жаттығу

III топ

Мақал-мәтелдер жазып келу

Қойылатын сұрақтар

  • Зат есім дегеніміз не?
  • Деректі және дерексіз зат есім дегеніміз не?
  • Жалқы және жалпы есім дегеніміз не?

3) Үй тапсырмасын қорытындылау

Ойын: «Кім жылдам жаза алады?»

Тақтада екі баған: деректі / дерексіз

Деректі зат есім

Көзге көрінетін, қолмен ұсталатын ұғымдар.

Дерексіз зат есім

Көзге көрінбейтін, абстракт ұғымдар.

4) Жаңа сабақ: өлең арқылы тақырып ашу

Ақ бас таудың етегінде

Аппақ гүлдер тұнып тұр.

Ақ жаулықты анам келіп,

Алыс қырды шолып тұр.

Жаз шуағы жанарында,

Күміс күндей күлкісі.

Ақ жүректі, ақ жаулықты,

Ақ тілекті бұл кісі.

Аппақ ниет, ақ көңілмен

Ақ нұр болды сепкені.

Ақ сүт берген анашыма

Ақ алғысым көп менің!

Сұрақ-бағдар

  • Өлең жолдарынан қандай сөз жиі кездеседі?
  • «Қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөз табы қайсы?

Ребус арқылы тақырыпқа шығу

Суретте көрсетілген заттарды атау.

Шешу жолы: «Қоржын» сөзінің алғашқы 4 әрпін алып тастап, орнына с әрпін қою; «есік» сөзінің соңғы әрпін алып тастап, орнына м әрпін қою.

Осыдан сабақтың тақырыбы анықталады.

Ереже

Заттың сынын, сипатын, сапасын, түр-түсін, иісін, дәмін, көлемін білдіріп, «қандай?», «қай?» сұрақтарына жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.

Ережені оқушыларға қайталату.

Жетелеуші сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Жылдың тағы қандай мезгілдері бар?
  • Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған қандай ақындарды білесіңдер?

Жұмыс түрлері

Кеспе қағазбен жұмыс

Сын есімді табу, сұрақ қою, сөйлем құрау.

Оқулықпен жұмыс

Мәтіннен сын есімдерді іріктеу, талдау.

Деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

127-жаттығу

II деңгей

129-жаттығу

III деңгей

128-жаттығу

Перфокартамен жұмыс

Жауаптарды белгілеу арқылы жылдам тексеру.

Суретпен жұмыс

Суретке қарап сын есімдерді қолданып сипаттау.

Сергіту сәті: «Бір сөзбен айт»

Жақсы оқитын оқушы

Үлгілі

Тез ашуланатын адам

Ашуланшақ, қызба

Сабақ оқымайтын оқушы

Жалқау

Қиыстырып, тауып сөйлейтін адам

Шешен

Керексіз көп сөйлейтін адам

Мылжың

5) Бекіту

Сөзжұмбақ арқылы оқушылардың білімі бекітіледі. «Жақсы сөз — жан семіртер» қағидасын негізге ала отырып, сын есімдерді орынды қолдануға мән беріледі.

6) Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындауы, белсенділігі және жауаптарының дәлдігі ескеріледі.

7) Үй тапсырмасы

I топ

Сын есімі бар мақал-мәтелдер жазу.

II топ

131-жаттығу.

III топ

Сын есімдерді қолданып шағын әңгіме жазу.