Көшпелілер туралы түсінік

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәні мен сыныбы

Пән
Тарих
Сынып
5-сынып
Сабақ тақырыбы
Көшпелілер туралы түсінік

Оқу мақсаты

5.4.1.1 — жаңа әріптердің емлесін сақтап жазу.

Бұл сабақта оқушылар көшпелілердің өмір салты, көшіп-қону жүйесі және көшпелі қоғам туралы негізгі ұғымдарды меңгереді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Тақырыпқа қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды пайдаланып, ежелгі көшпелілер туралы түсінік қалыптастырады.

Оқушылардың басым бөлігі

Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындау арқылы шығармашылық қабілетін дамытады.

Кейбір оқушылар

Өз білімін сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс қосымша ресурстарды қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Төменгі деңгей (ОТЖ)

  • Тақырыпқа қатысты ақпарат береді.
  • Ауызша сұрақтарға жауап береді.

Орташа деңгей (ООЖ)

  • Тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі.
  • Өз ойын анық жеткізеді.

Жоғары деңгей (ОЖЖ)

  • Тақырып бойынша пікір алмасады.
  • Полилог құрып, ойды дәлелдейді.

Сөздік қор

Сезім мүшелерінің атаулары.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет пәнімен байланыс.

Алдыңғы меңгерілген білім

  • Әңгімені мазмұндай алады.
  • Ертегілерді құрастыра біледі.

Сабақ барысы

Сабақ басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Бір, екі, үш —
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

Қызығушылықты ояту

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Сабақтың ортасы

Мұғалім әрекеті

  • Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін тақырыпқа қатысты слайдтарды көрсетеді.
  • Көшпелілер мәдениетімен таныстырып, қосымша мәлімет береді.
  • «Көшпелілер» сөзіне кластер құрастыруды сұрайды (2-тапсырма).

Оқушы әрекеті

  • Слайдтарды тамашалайды.
  • Берілген ұғым бойынша кластер құрастырады.

Негізгі мазмұн: көшпелі қоғам туралы түсінік

Көшпелі қоғам деген не?

Көшпелі қоғам (көшпелі өркениет) — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдеріне сүйенген, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық және саяси қауымдастығы.

Түсініктің қалыптасуы

Көшпелілер туралы түсінік алғашында отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Көне Қытайда көшпелілерді «жабайы», «мәдениеттің қас жауы» ретінде қабылдау кең тараған. Еуропада да ғұндарды «тағы жұрт», «өркениеттің жауы» деп есептеген көзқарастар болған.

Тарихи мерзім

Археолог К. Ақышевтің пікірінше, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығы қола дәуірінің соңында, темір дәуірінің басында, яғни б.з.д. IX–VII ғасырларда қалыптаса бастаған.

Көшіп-қону жүйесі

Орталық және Батыс Қазақстан

Бұл өңірлерде меридиан бойымен көшіп-қону (солтүстік–оңтүстік бағыт) кең тараған.

Шығыс Қазақстан және Жетісу

Қыста жазықтарды және қар аз түсетін таулы қойнауларды қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу дәстүрі қалыптасқан.

Көшпеліліктің пайда болу себептері

Ғалымдардың пікірінше, көшпеліліктің пайда болуы көбіне географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Ол белгілі бір климаттық жағдайлармен, экологиялық ұяның шектеулі мүмкіндіктерімен және табиғи ресурстармен сабақтас. Сондықтан көшпелілік нақты тарихи кеңістіктерде ғана кең таралған.

Қазақстандағы көшпелілік қалыптасқан аймақтар

  • Каспий маңы ойпаты
  • Үстірт
  • Торғай
  • Жем жоталары
  • Бетпақдала
  • Балқаш маңы далалары
  • Сарыарқа
  • Іле Алатауының тау беткейлері
  • Таулы өңірлер

Ғылыми пікірлер және талқылау

Кейбір зерттеушілер көшпелі жұрттар өз бетімен таптық қоғамның ең алғашқы сатысына жетеді, ал әрі қарай дамуы көбіне отырықшы халықтардың ықпалымен жүзеге асады деп пайымдайды. Сондай-ақ «көшпелі қоғамның даму болашағы шектеулі» деген тұжырым да кездеседі. Бұл пікірлерді сабақта дәлелдермен талдап, салыстыра қарастыру маңызды.