Жануарлардың жеке топтама суреттері

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл сабақ «Жабайы аңдар» тақырыбына арналған. Сабақта оқушылар жабайы аңдар туралы толық мағлұмат алып, аң атауларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде меңгереді. Сонымен қатар, жануарларға қамқорлық жасау мәдениеті қалыптастырылады.

Сабақтың түрі

Интерактивті сабақ

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта (жануарлар топтамасының сызбасы, суреттер)
  • Жануарлардың жеке топтама суреттері

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі, жануартану

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Жабайы аңдар туралы толық мағлұмат беру және аң атауларын үш тілде меңгерту.

Білімділік міндеті

Жануарлардың тірі табиғаттың негізгі бөлігі екенін және олардың алуан түрлі болатынын түсіндіру. Қазақстанда мекендейтін жабайы аңдармен таныстырып, атауларын үш тілде меңгерту.

Дамытушылық міндеті

Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту; жабайы аңдардың атауларын қазақша, орысша, ағылшынша айту дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік міндеті

Жануарларға қамқорлық көрсету туралы әңгімелей отырып, оқушыларды жанашырлыққа және жауапкершілікке баулу.

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық.
  • Тіл дамыту сәтін өткізу.

II. Өткен материалды еске түсіру және жалпылау

  • Үй тапсырмасын сұрау және тексеру.
  • Оқушылардың өткен сабақты меңгеру деңгейін анықтау.
  • Сөйлеу дағдысын, тіл мәдениетін және сөздік қорын байқау.
  • Нені күшейту қажет екенін анықтау.

III. Жаңа сабақты меңгерту: «Жабайы аңдар»

1) Сөздік жұмысы

Оқулықта берілген жаңа сөздерді меңгерту және белсенді қолдану.

Бөрене — бревно

Сақтану — опасаться

Тасқын су — половодье

Ыңғайлы — удобный

Ойпат жер — низменность

Қателеспейді — не ошибаются

Үңгірін кездестірдік — здесь увидели берлогу

Болжағыш — предвидящий

Күрке — палатка

Жұмыс түрлері

  • Сөздерді тізбекпен оқу.
  • Әртүрлі сөз тіркестерін құрастыру.
  • Жабайы аңдар бейнеленген суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру.

2) Сұрақ-жауап

1-тапсырма бойынша төмендегі сұрақтарға ауызша жауап беру.

  1. 1. Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
  2. 2. Олардың мінездері қандай? (ақылды, айлакер, қорқақ, сақ, төзімді, т.б.)
  3. 3. Жабайы аңдар қай жерлерде тіршілік етеді?
  4. 4. Жабайы аңдар немен қоректенеді?

Аң атаулары (3 тілде)

Арыстан
лев — lion
Жолбарыс
тигр — tiger
Қасқыр
волк — wolf
Маймыл
обезьяна — monkey
Түлкі
лиса — fox
Піл
слон — elephant
Қабылан
леопард — leopard
Аю
медведь — bear

3) Оқылым және мәтінмен жұмыс

2-тапсырмадағы «Болжағыш аю» мәтінін оқып, мазмұнын талдау.

Оқылым барысында оқушылар мәтіндегі негізгі ойды анықтап, жаңа сөздерді контексте қолдануға үйренеді.

4) Деңгейлік тапсырмалар

Мәтін бойынша сараланған тапсырмалар орындау.

III деңгей

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
  • «Болжағыш» сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.

II деңгей

  • Мәтіннен септік және жіктік жалғауы бар сөздерді теріп жазып, жалғауларын ажыратыңдар.
  • Үлгі: аңшының (ілік септік), күркесіне (III жақ тәуелдік, барыс септік)
  • Мәтіндегі аю неліктен «болжағыш аю» аталған? Өз ойларыңды дәлелдеңдер.

I деңгей

  • Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.
  • «Бөренелерді», «аңдар», «көктемде» сөздеріне сатылы кешенді талдау жасаңдар.

4-тапсырма: Сәйкестендіру

Суреттегі жануарларды атауларымен сәйкестендіріңдер:

Қоян Суыр Қабылан Маймыл Тиін

5-тапсырма: Сөз тіркестерін құрастыру

Тірек сызба бойынша сөз тіркестерін құраңдар:

Түлкі туралы

  • Айлакер түлкі
  • Ақылды түлкі
  • Қу түлкі
  • Қызыл түлкі
  • Сары түлкі
  • Семіз түлкі
  • Әдемі түлкі

Қасқыр туралы

Сұр қасқыр

Үлгі сөйлем

Жыртқыш аң орманда мекендейді.

Рефлексия және қорытынды

Сабақ ұнады ма?

Өз әсерлеріңмен бөлісіңдер.

Не үйрендіңдер?

Жаңа сөздер, үш тілдегі атаулар, мәтін мазмұны.

Нені білгілерің келеді?

Қызықтырған сұрақтарыңды ұсыныңдар.

Бағалау

Оқушылардың білімі сабақ барысында орындалған тапсырмаларға және белсенділігіне қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

«Маған ұнайтын жабайы жануар» тақырыбына эссе жазыңдар.