Неткен сұлу, неткен көркем
Сабақ туралы мәлімет
Тақырыбы
«Туған өлкем» (Ө. Тұрманжанов)
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері
- әңгімелеу
- түсіндіру
- сұрақ-жауап
- сөздік әдісі
Көрнекіліктер
- Ө. Тұрманжановтың портреті
- өмірбаян сызбасы
- сөзжұмбақ
- мақал-мәтелдер
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Оқушыларға ақын туралы қысқаша мәлімет беру; өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыту арқылы туған жер мен табиғаттың әсемдігі, байлығы туралы түсінігін тереңдету.
2) Дамытушылық
Оқу дағдысын қалыптастыру; ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту; сөздік қорын молайту және пәнге қызығушылығын арттыру.
3) Тәрбиелік
Туған жерді, елді, Отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушылардың дайындығын қадағалау
- Психологиялық дайындық
Тіл туралы өлең жолдары
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
II. Үй тапсырмасын тексеру
а) Өлеңді жатқа айту
Оқушылар өлеңді мәнерлеп, жатқа айтады.
ә) Қатарлар бойынша тапсырмалар
- 1-қатар: «Қазақ тілі мемлекеттік дәрежеде қолданылып отыр» деген ойды дәлелдеу.
- 2-қатар: «Қазақ тілі мемлекеттік дәрежеде қолданылып отырған жоқ» деген ойды дәлелдеу.
- 3-қатар: Тіл туралы мақал-мәтелдер жазып келу.
III. Жаңа сабаққа дайындық
1) Ой қозғау: сызбаны толтыру
Бүгінгі өлеңде «Туған тілім» дегенде қандай тіл меңзеледі? Сызба бойынша талдау жасалады.
Сұрақтар
- Дихан Әбілев кім?
- Оның қай өлеңімен таныстыңдар?
- «Туған тіл» дегеніміз қандай тіл?
2) Ой қозғау: сөзжұмбақ шешу
Оқушылар берілген сұрақтарға сүйеніп, сөзжұмбақтың жауаптарын табады.
- Талас ауданының орталығы
- Мемлекеттік рәміздердің бірі
- 5 пен 4-тің қосындысы
- Елордамыз
- Біздің республикамыз
- Көру мүшесі
- Ешкінің төлі
- Білім ордасы
- Асқар тау
- Біз қай облыста тұрамыз?
IV. Мақсат қою
Сөзжұмбақтың ерекше жолынан шыққан сөз:
«Туған өлкем»
Бүгінгі сабақтың мақсаты — Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен танысу, мазмұнын түсіну және мәнерлеп оқу.
Өлең: «Туған өлкем» (Ө. Тұрманжанов)
Шумақ 1
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Шумақ 2
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Шумақ 3
Түлігі өскен алуан-алуан,
Төс-алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Шумақ 4
Ер еңбегі шалқып-тасқан,
Ел еркіндеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Қорытынды ой
Өлең туған өлкенің табиғатын, берекелі даласын, өсіп-өнген малын және адам еңбегінің жемісін көркем тілмен сипаттайды. Негізгі идея — туған жердің сұлулығын танып, қадірін білу.