Жеңіл жүгіру
Сабақтың тақырыбы: Акробатика
Бұл сабақ оқушылардың денсаулығын нығайтуға, қозғалыс дағдыларын дамытуға және ерік-жігер қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар ептілік, икемділік, жылдамдық және қимыл әсемдігін тәрбиелеуді көздейді.
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың денсаулығын нығайту және қозғалыс іскерлік дағдыларын дамыту.
- Ерік-жігер қасиеттерін қалыптастыру.
- Ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа және қимыл әсемдігіне тәрбиелеу.
Міндеттері
Білімділік
Акробатика әдістерін көрсету және үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың икемділігі мен ептілігін дамыту.
Тәрбиелік
Салауатты өмір салтына баулу.
Ұйымдастыру деректері
Құрал-жабдықтар
- Гимнастикалық төсеніш
- Музыка
- Барьерлер
- Ысқырық
- Секундомер
Байланысы және орны
- Пәнаралық байланыс
- Валеология
- Өтетін орны
- Спорт зал
Сабақ жоспары
Кіріспе дайындық бөлімі
15 минут
Негізгі бөлім
25 минут
Қорытынды бөлім
5 минут
Сабақтың барысы
1) Кіріспе дайындық бөлімі
1. Сапқа тұру және ұйымдастыру
- Сапқа тұру, сәлемдесу.
- Сабақтың мақсатын түсіндіру.
- Саптағы жаттығулар: «Оңға!», «Солға!», «Айнал!»
Нұсқау
Оқушылардың сабаққа дайындығын және спорттық киім талаптарының сақталуын қадағалау.
2. Денені қыздыру (жүріс және жүгіру арқылы)
2.1 Жүріспен орындалатын жаттығулар
- Қарқынды өзгерте отырып, кең адымдап жүру.
- Қолмен және кеудемен қарапайым қимылдар жасап жүру.
- Қолмен аяқтың ұшынан ұстап, төмен еңкейіп, аяқтарды түзу ұстап жүру.
- Қолды сермеп, алға және бір жақ бүйірге қарай кең адымдап жүру.
- Шеңбер бойымен жарыса жүру: ер балалар — 100 м дейін, қыз балалар — 80 м дейін.
Нұсқау
Басты, денені және қолды түзу ұстауын қадағалау.
2.2 Жүгіруде орындалатын жаттығулар
- 1,5 минутқа дейін аяқтың ұшымен жүгіру.
- Еденде жату қалпынан белгі бойынша кенет тұрып, 20 м қашықтыққа дейін жүгіру.
- Қолды тіреп секіру арқылы жүгіру: ер балаларға — 120 см, қыз балаларға — 110 см биіктіктегі снарядтар.
- Гимнастикалық снарядтардан асып өтіп жүгіру: ер балаларға — 170 см, қыз балаларға — 140 см.
- Бір қолмен нығыздалған допты көтеріп жүгіру.
- Жай қарқынмен денені босаң ұстап жүгіру: ер балалар — 4 минутқа дейін, қыз балалар — 3 минутқа дейін.
- Артқа қарап (арқамен алға) жүгіру.
- Жүріске ауысып, тыныс алуды қалпына келтіру.
Нұсқау
Денені тік ұстауды, қол қимылын дұрыс орындауды және тыныс алудың дұрыс болуын қадағалау.
3. Ырғақты гимнастика (музыка ырғағымен)
Жалпы ырғақ
- Бір орында 40–50 секунд жүру.
- 20–30 секунд жеңіл жүгіру.
Жаттығулар кешені
- Бастапқы қалып: негізгі тұрыс. 1–2: қолды екі жақтан жоғары көтеріп, аяқтың ұшына көтеріліп, терең тыныс алу. 3–4: бастапқы қалыпқа келу. (6–8 рет)
- Бастапқы қалып: қол кеуденің алдында. 1–2: шынтақтан бүгілген қолды артқа қарай екі рет қарқынды сермеу. 3–4: осы қозғалысты қолды түзу жазып орындау.
- Бастапқы қалып: оң қол жоғарыда, сол қол төменде, саусақтар бүгілген. 1–2: қолды артқа қарай екі рет қарқынды сермеу. 3–4: қозғалысты қайталап, қолдардың қалпын ауыстыру. (5–6 рет)
- Бастапқы қалып: аяқ арасы иық кеңдігіндей, қол белде. Оң қолды алға созып, артқа қарай қарқынды сермеу. Бір мезетте кеудені оңға бұрып, қол ұшына қарау. (4–6 рет)
- Бастапқы қалып: негізгі тұрыс. 1: алақанды алға қаратып, қолды жоғары көтеріп, шалқаю. 2: тізені бүкпей, саусақ ұшы еденге тигенше еңкею. 3: қолды алға созып отыру. 4: бастапқы қалыпқа келу. (4–6 рет)