Сыныптың тазалығы

Сабақ туралы мәлімет

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы №5 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Елубаева А.Қ. ұсынған материал.

Пән
Қазақ тілі
Сынып
3-сынып
Сабақтың тақырыбы
Зат есім (слайд арқылы)
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, көрнекілік, өз бетінше жұмыс, топпен жұмыс, топтастыру стратегиясы, сөзжұмбақ, шығармашылық жұмыс

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Зат есім туралы түсінігін тереңдету, бұрынғы білімін толықтыру; топпен жұмыс арқылы бекіту.

Дамытушылық

Ой-өрісін, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту; өз бетінше жұмыс істеуге, күрделірек әрі шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа және жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныптың тазалығын тексеру.
  • Оқушылардың қатысын белгілеу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару (психологиялық дайындық: «Шаттық шуағы»).

Шаттық шуағы

Үлкенге де — Сіз,

Кішіге де — Сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Ізетпенен біз!

II. Үй тапсырмасын тексеру

3-жаттығу: сөздер тобына үш сөзден қосып жазу.

I топ

Құстар / Үй құстары
Не? бүркіт, …
Не? тауық, …

II топ

Балықтар / Аңдар
Не? жайын, …
Не? жолбарыс, …

III топ

Еңбек құралдары / Көлік
Не? егеу, …
Не? трамвай, …

Өткен сабақты пысықтау

  • Сөз таптарын ата.
  • Қандай сөз табымен таныстық?
  • Зат есім дегеніміз не?

Зат есім түрлері

Негізгі зат есім

Негізгі түбірден жасалған зат есім.

әке ана бала әже ата сурет жапырақ дәптер құмырсқа зымыран

Туынды зат есім

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім.

балалық домбырашы күйші жұмыскер сызғыш ілгіш достық

III. Сөзжұмбақ шешу

Төмендегі жұмбақтардың жауабын тауып, сөзжұмбаққа орналастыру.

  1. 1) Білімнің дәнін тереді, балаға тәлім береді.

    Жауабы: ұстаз

  2. 2) Қанаты бар, ұшпайды. Су астында қыстайды.

    Жауабы: балық

  3. 3) Жерде туып, көкте өледі.

    Жауабы: түтін

  4. 4) Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ қашады.

    Жауабы: жел

  1. 5) Жанды сағат, айқай салады.

    Жауабы: есек

  2. 6) Оның тіккен бұйымы аяғыңда қартайып, шыға қалса жұлымы, әдемілеп баптайды.

    Жауабы: етікші

  3. 7) Адамның сәні — онсыз жоқ мәні.

    Жауабы: киім

Сөзжұмбаққа арналған сөздер

ұстаз балық түтін жел есек етікші киім

IV. Дәптермен жұмыс

Күні

Қаңтардың жиырма сегізі.

Тақырып

Зат есім.

Көркем жазу

Кітап — алтын қазына.