Бесік жырын мәнерлеп оқып беру
Сабақ туралы мәлімет
- Мектеп
- Сымбат жеке мектебі
- Мұғалім
- Алдабергенова Үзілдік Жомартқызы (бастауыш сынып)
- Сабақ тақырыбы
- Сарқылмас қазына: Бесік жыры
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырмалар
- Әдіс-тәсілдер
- Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың мақсаты
- Қазақтың қазынасының бірі — бесік туралы әңгімелеу.
- Бесіктің жасалу құрылысы мен оны қолдану тәсілдерін таныстыру, қолдана білуге үйрету.
- Бесік жыры туралы мәлімет беру, мағынасын түсіндіру.
- Өз ұлтының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін тануға баулу.
- Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық.
Ұқыпты тыңдап сабақты,
Жақсы баға алайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру және өткенді қайталау
Тақырыпты бекіту мақсатында тест тапсырмалары орындалады.
- Осы тараудағы Абайдың өлеңін ата.
- «Қымыз молайып, қозы піскен кез» деп қай айды айтамыз?
- Шыбынсыз айларды ата.
- «Дала өлеңі» шығармасының авторы кім?
- Таң алдында көрінетін жұлдыз қалай аталады?
- Ғабит Мүсірепов кім?
- Малды жақсы көретін бала кім?
- Жаз айларын ата.
- Жыл мезгілдерін ата.
- Нөсер деген не?
III. Жаңа сабақ: Бесік жыры туралы түсінік
Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының ең көне түрлерінің бірі. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ.
Халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихы, дәстүрлі мәдениеті, ежелгі наным-сенімі мен дүниетанымы көрініс табады. Сондықтан бесік жыры ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы ретінде бағаланады.
Негізгі идея
Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне үйлескен әуен мен ырғақты сөз арқылы баланы тыныштандырып, оның жан дүниесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы дәнін сіңіру.
Бесік жыры, әдетте, сәби кезеңінде (шамамен 1–5 жас аралығы) айтылады. Бұл жырдың әсері әуен-сазбен тығыз байланысты: сазсыз бесік жырының мәні де, сәні де толық ашылмайды.
Қазақ бесік жыры үлгілерін алғаш рет Ә. Диваев хатқа түсіріп, 1905 жылы жариялаған. Содан бері жинақталып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық қағазға түсе қойған жоқ.
IV. Оқулықпен жұмыс
Оқу әрекеттері
- Бесік жырын мәнерлеп оқу.
- Іштей оқу.
- Тізбектей оқу.
- Мәнерлеп дауыстап оқу.
Талдау (сұрақ–жауап)
- Анасы баласын қалай жұбатады?
- Анасы баласының кім болуын қалайды?
- Өлең неліктен «Бесік жыры» деп аталған?
V. Сергіту сәті
«Әй-әй, бөпем, әй бөпем» әнін тыңдау.
VI. Дәптермен жұмыс
Өлеңде анасының «кім болар екенсің?» деп санамалап айтқан мамандықтарын дәптерге теріп жазу:
VII. Шығармашылық жұмыс
«Сенің кім болғың келеді?» тақырыбына шағын әңгіме жазу. Жазған жұмыстарды оқыту.
Ұсыныс
- Неге сол мамандықты таңдадың?
- Ол мамандық қоғамға қандай пайда әкеледі?
- Оған жету үшін қандай қасиеттер керек?
Бағалау өлшемі
- Ойдың анықтығы
- Сөйлем құрылымы мен сауаттылық
- Мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі
VIII. Қорытынды
Сабақ соңында бесік жырының тәрбиелік мәні қорытындыланып, ұлттық дәстүрді құрметтеу туралы ой түйінделеді.
IX. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу мәнері, сұрақтарға жауап беруі және шығармашылық жұмысы бойынша бағалау жүргізіледі.