Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар анықтамаларын, формулаларын және қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білу
Сабақтың тақырыбы
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың формулаларын пайдаланып, есептер шығару.
Сабақтың түрі
«Іскерлік компаниялар додасы» форматындағы ойын сабақ.
Сабақтың типі
Пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі
Үшөлшемді әдістемелік жүйе, жеке және топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті, геометрия, биология, физика, ән.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың анықтамаларын, формулаларын және қасиеттерін есептер шығаруда қолдану.
- Оқушылардың алған білімдерін тереңдету, жинақтау және жүйелеу.
Дамытушылық
- Есептеу дағдыларын және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
- Білімді тереңдету және пәнге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
- Өз бетінше еңбектенуге баулу.
- Ұйымшылдыққа, достыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
- Өз елінің патриотын қалыптастыру.
Көрнекілігі мен құрал-жабдықтар
Көрнекілігі
- Бағалау парағы
- Мақал-мәтелдер
- Плакаттар
- Үлестірмелер
Құрал-жабдықтар
- Интербелсенді тақта
- PowerPoint (слайдтар)
- Windows Media (видеоролик)
- Winamp (ән)
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг
«Мен өзіме сенемін».
Тақырыптық кіріспе
Оқушыларға EXPO-2017 туралы қысқаша мәлімет беріледі: көрме 2017 жылдың 10 шілдесі мен 10 қыркүйегі аралығында Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) ұйымдастыруымен өтті. Үкімет отырысында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы АҚ-ны құру жөніндегі қаулы жобасы мақұлданды.
Ұлттық компанияның негізгі міндеті — EXPO-2017 аумағында инфрақұрылым мен нысандарды жобалау және салу.
Топтарға бөлу
Оқушылар ұнаған санын таңдау арқылы үш топқа (компанияға) бөлінеді:
- 1–10
- 11–20
- 21–31
Әр компания президентіне бағалау парақтары таратылады.
Компаниялар
Сары түсті
«Қазақстан үміткерлері» компаниясы
Жасыл түсті
«Қазақстан дарындары» компаниясы
Көк түсті
«Қазақстан озаттары» компаниясы
Мультимедиа
EXPO-2017 және Астана туралы видеоролик көрсетіліп, «Атамекен» әні орындалады.
II. Заңдар аясында…
Көптеген компаниялар бәсекеге қабілетті болып, алдыңғы қатарда қалу үшін заңдарды жақсы білуі керек.