Ана мен туған жерді салыстыру

Сабақтың тақырыбы

Әбділда – Сыр елінің перзенті

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен «Сырдария» өлеңінің мазмұнын таныту, ақынның негізгі идеясын ашу.

Сабақтың ерекшелігі

Сабақ типі:
Аралас сабақ
Сабақ формасы:
Ұжымдық
Сабақ әдістері:
Ой қозғау, мәнерлеп оқу, сатылай өлең құрылысына талдау

Міндеттері

Білімділік

Өлеңдегі сөз қолданысы мен көркемдік ерекшеліктерін талдау; Сыр өңірі туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық

Тарихи-әдеби білімін кеңейту; шығармашылық пен ізденімпаздық қабілетін дамыту; өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Отанын, туған жерін сүюге және оның қадір-қасиетін сезінуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс және көрнекілік

Пәнаралық байланыс

География, қазақ тілі, ән сабағы, геометрия.

Көрнекілігі

  • Хронологиялық кесте
  • Ә. Тәжібаевтың кітаптары
  • Суретті бүктеме
  • Қазақстан картасы
  • Плакат, интерактивті тақта
  • «Толқынды теңіздегі кеме» (сабақ метафорасы)
  • Сырдария суреттері

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабаққа әзірлік
  • Сабақтың мақсатын айту

Сабақ «толқындағы кеме» тапсырмаларын орындау арқылы өтеді: мақсатымыз — асау толқынға берілмей, білім жағасына аман жету.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақта Қ. Аманжоловтың өлеңдерімен танысып, Абдолланың Отанына, еліне деген ыстық ықыласын талдадық. Осы сабақпен бүгінгі тақырыпты ұштастыру үшін үйге туған жер туралы шығармашылық жұмыс берілген еді.

Оқушылардың жұмыстары тыңдалып, талқыланады.

III. Ой қозғау

Талқылау сұрағы: «Туған жер — тұғырың. Туған жер неге ыстық?»

Оқушылар өз ойларын айтады. Қызығушылық ояту кезеңінде әр адамның туған жері өзіне қымбат екені, ақын-жазушылардың туған жер тақырыбын айналып өтпейтіні қорытындыланады.

Бүгінгі сабақта Сыр елінде туған Ә. Тәжібаевтың өмір жолымен және «Сырдария» өлеңімен танысамыз.

IV. «Ізденген жетер мұратқа» (картамен жұмыс)

Тапсырма

Картадан Сырдарияны кім көрсетеді?

Мағлұмат

  • Сырдария Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алады.
  • Өзеннің ұзындығы — 2219 км.
  • Желтоқсанның басында қатып, наурыздың соңында ери бастайды.
  • Өзен бойында ертеден халық тығыз қоныстанған, суармалы егіншілік дамыған.
  • Бекіре, ақмарқа, қаяз, табан, жайын, сазан сияқты балық түрлері кездеседі.

Талай қилы кезеңді бастан өткерген қарт Сырдарияға қазақ ақыны Ә. Тәжібаев та бас иіп, өз жырын арнаған.

V. Әбділда – Сыр елінің перзенті (хронологиялық кесте)

1909

Қызылорда облысында дүниеге келді.

1928

Алғашқы өлеңдері жарық көрді.

1929

ҚазПИ-дің әдебиет факультетінде оқыды.

1934

«Жаңа ырғақ» өлеңдері жарық көрді.

1930–1940

Сыршыл лирик ретінде кеңінен танылды.

1940+

Драматургиямен айналысты. «Жүректілер» пьесасы кітап болып шықты. «Жомарттың кілемі» пьесасы Венгрия және Румыния театрларында қойылды.

1954

«Жамбыл» киносы түсірілді.

1960

«Портреттер», «Монологтар», «Ақын», «Майра» т.б. поэмаларын, сондай-ақ «Өмір және поэзия» еңбегін жазды.

Қызметі

«Қызыл кенші» газетінің орынбасары; Қазақ КСР ҒА-ның М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты; Президиум мүшесі.

Марапат

Қазақ КСР-ның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; екі рет «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендері және медальдармен марапатталған.

1998

88 жасында дүниеден өтті.

VI. «Сөз — жібек жіп, ой — кесте» (өлеңмен жұмыс)

Оқу әрекеті

  • Өлеңді мұғалім жатқа оқып береді.
  • Оқушылар «алма-кезек оқу» әдісімен мәнерлеп оқиды.
  • Өлеңнің тақырыбы мен идеясы талқыланады.
  • Өлең жолдарынан туған жерге, елге деген сағыныш белгісі табылады.

Сұрақтар мен салыстыру

  • «Ана» деген кім?
  • Ана мен туған жер ұғымын салыстыру.
  • Ана, туған жер туралы мақал-мәтел айту.

Әдебиет теориясы: параллелизм

Геометрияда екі түзу (немесе кесінді) бір жазықтықта қиылыспай қатар жатса, олар параллель деп аталады. Әдебиетте параллелизм — ақынның ішкі көңіл-күйі (лирикалық қаһарман) мен табиғат көрінісінің үндесе қатар берілуі.

Автордың көңіл-күйі

«Білем сені, сүйем сені…»

Табиғат лирикасы

«Сыр сұлуы — қарт анам…»

Әдебиет теориясы: кейіптеу

Кейіптеу — жансыз табиғат құбылыстарын тірі адамның қимыл-әрекетімен алмастыра суреттеу (троптың бір түрі).

Балқытып гүлді деміне, Қызғаншақ қыс келді де, Сүйді жаз әбден беріле. Сілтеді суық қанжарын. Әкетпек еді ұзатып, Жас жігіт қыршын өлді де, Өзінің жылы жеріне. Қалдырып кетті жан жарын

— Ә. Тәжібаев

VII. Қазақ тілі: іздендіру жұмыстары

Жыр жолдарынан жалқы есімдерді табу және олардың қай ұлт өкілі екенін анықтау:

  • Тарас — Днепр
  • Пушкин — Еділ
  • Гейне — Рейн
  • Әбділда — Сырдария

Қысқаша мәлімет

  • Т. Г. Шевченко (1814–1861) — украин халқының көрнекті ақыны, суретші, қоғам қайраткері.
  • А. С. Пушкин (1799–1837) — орыс халқының ұлы ақыны, орыс әдебиетінің негізін қалаушы.
  • Г. Гейне (1797–1856) — неміс халқының ұлы ақыны.

Талқылау сұрақтары

  • «Ел анасы — менің анам» деген жолдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
  • Анаға ұқсас ұғым ақында қалай берілген?
  • Өлеңнен ақынның еліне, жеріне, Сырдарияға деген сүйіспеншілігін дәлелдейтін жолдарды табыңдар.

VIII. Өлеңді талдау

Өлең құрылымын талдау: төрт тармақты шумақ, ұйқас түрі, буын саны, көркемдегіш құралдар және негізгі ойдың берілуі.