Оқушыларды құс суреті арқылы топтарға бөлу
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы
М-С. Бабажанов атындағы ЖОББМ, химия-биология пәндерінің мұғалімі: Елеусинова Нұргүл Қанатбайқызы
Сыныптан тыс шара
«Құстар — қанатты достар» (7-сынып оқушылары арасында өткізілетін биологиялық сайыс)
Мақсаты
- Оқушылардың құстар туралы білімін жетілдіру, ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту.
- Тыйым сөздер арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
- Құстарға қамқорлық танытуға баулу арқылы экологиялық тәрбие беру.
Ұйымдастыру
Оқушылар құс суреттері арқылы топтарға бөлінеді:
Қызығушылықты ояту кезеңінде құстар туралы бейнекөрсетілім ұсынылады.
Кіріспе: көктем және аққу үні
Табиғат қандай сұлу, қандай көркем,
Мамырда жасанады гүлдеп-өрнек.
Сылдырлап бұлақ ағып сай-саладан,
Ағаштар жапырақ жайып, қыр көгерген.
Келді көктем қоңыр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен.
Негізгі бейне: Аққу
Іс-шара жоспары
- 2 Құстар туралы қызықты деректер (бейнекөрсетілім).
- 3 Биологиялық жұмбақтар.
- 4 Саятшылық (бейнекөрсетілім).
- 5 «Жұмбақ-сурет»: 15 құсты ажырату.
- 6 Әлемдегі ең әдемі құстар (бейнекөрсетілім).
- 7 «Жұмбақ-сурет»: құс ұялары.
- 8 Құстарға байланысты ырым-тыйым сөздер.
- 9 «Жұмбақ-сурет»: құс аяқтары.
I. Топтық жұмыс: құстар туралы викторина
Сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беріп, ұпай жинаңыз.
- 1) Құстардың негізгі мекені не? Ұя
- 2) Қай ай құстың атымен аталады? Көкек
- 3) Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған? Бүркіт
- 4) Қай құста мүлде ұя болмайды? Көкек
- 5) Қандай құс «хат тасушы» атанған? Көгершін
- 6) Құстың жүрегі минутына қанша рет соғады? 960
- 7) Киелі құсты ата. Аққу
- 8) Құстарды қандай екі топқа бөлеміз? Жабайы және үй құстары
- 9) Оңтүстіктен ең бірінші ұшып келетін құс? Қараторғай
- 10) Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың? Әтеш
- 11) Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс? Колибри
- 12) Қай құс жемін ұшып жүріп аулайды? Қарлығаш
- 13) Қандай құсты «орман дәрігері» дейді? Тоқылдақ
- 14) Көктемде алғаш ұшып келетін құс. Ұзақ
- 15) Өте сақ, ұзын сирақты, ұзын мойынды құс. Тырна
II. Құстар туралы қызықты деректер
Бұл бөлімде құстардың тіршілігі, бейімделуі және ерекшеліктері туралы қысқа бейнекөрсетілім көрсетіледі.
III. Топтық жұмыс: биологиялық жұмбақтар
Жұмбақтар (1–4)
Көлдің көркі, сәні екен,
Ұшқанда сазды әні екен.
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған.
Жауабы: Аққу
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ-тоқ соғады.
Жауабы: Тоқылдақ
Мысық құлақты,
Бүркіт тұяқты.
Жауабы: Үкі
Көктемде ұшып келеді,
Жаздай концерт береді.
Жауабы: Бұлбұл
Жұмбақтар (5–8)
Көк шалғынды аралайды,
Көк орамға қонады.
Қанаттарын қағады,
Көлден рақат табады.
Жауабы: Аққу
Тал басында ағаш үй,
Терезесі тамаша үй.
Соны мекен етеді,
Қыста алысқа кетеді.
Жауабы: Қараторғай
Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім.
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім.
Жауабы: Жапалақ
Күндіз көзі көрмейді,
Түнде аңдиды тышқанды.
Аштан босқа өлмейді,
Аңдығанын ұстайды.
Жауабы: Бүркіт
IV. Саятшылық
Саятшылық туралы қысқа бейнекөрсетілім арқылы құстардың табиғаттағы рөлі мен адам өміріндегі орны талқыланады.
V. «Жұмбақ-сурет»: 15 құс
Оқушыларға құстардың суреттері беріледі. Міндет — әр құсты ажыратып, атауын дұрыс айту.
VI. Әлемдегі ең әдемі құстар
Әсемдігімен, түсімен және ерекше мінез-құлқымен танымал құстар туралы бейнекөрсетілім көрсетіледі.
VII. «Жұмбақ-сурет»: құс ұялары
Құстардың ұяларының суреттері ұсынылады. Оқушылар ұя түрлерін ажыратып, қай құсқа тән екенін анықтайды.
VIII. Құстарға байланысты ырым-тыйым сөздер
Қамқорлыққа үндейтін тыйымдар
- Аққуды атуға болмайды, досыңды сатуға болмайды.
- Құстың ұясын бұзба — қарғысқа қаларсың.
- Құсқа тас лақтырма.
- Құстардың жұмыртқасын жарма.
Мағынасы
Бұл тыйым сөздер балаларды мейірімге, жанашырлыққа, табиғатты аялауға тәрбиелейді. Құстардың тіршілігіне зиян келтірмеу — экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі.
IX. «Жұмбақ-сурет»: құс аяқтары
Құс аяқтарының пішіні мен құрылысына қарай олардың тіршілік ету ортасы мен қоректену тәсілін анықтау тапсырмасы беріледі.
Бағалау және қорытынды
Ұпай есептеу
Әр тур сайын топтардың ұпайы есептеліп отырады. Ұпайы көп топ жеңімпаз атанады.
Марапаттау
Барлық қатысқан оқушыларға алғыс айтылып, марапаттар табысталады.
Қорытынды: «Құстар — қанатты достар» сайысы оқушылардың білімін бекітіп қана қоймай, табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.
Толық нұсқасын жүктеу (сілтеме кейін қосылады).