Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері
Сабақ тақырыбы
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері.
Сабақтың мақсаты (білімділік)
Оқушыларға Паскаль программалау тілінің әліпбиі, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылу ережелері туралы толық мәлімет беру.
Сабақтың мақсаты (дамытушылық)
Тақырыптарды түсіндіру арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және алған білімін дамыту.
Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)
Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, адамгершілікке, патриоттыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың әдісі
- Түсіндіру, сұрақ-жауап
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, тірек-сызбалар
- Пәнаралық байланыс
- Физика, математика, ағылшын тілі
Сабақ барысы (ұйымдастыру кезеңі)
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Өткен материалды қайталау
Қайталау сұрақтары
- Алгоритм мен программаның қандай ұқсастықтары және айырмашылықтары бар?
- Алгоритмді өрнектеу (жазу) тәсілдері дегеніміз не?
- Алгоритмдерді график арқылы кескіндеудің ерекшеліктері қандай?
- Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
- Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қандай топтарға бөлінеді?
Компьютерде есеп шығару кезеңдері
- A Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу.
- Ә Есеп шығарудың компьютерге ыңғайлы сандық тәсілін анықтау.
- Б Есеп шығару жолын алгоритм түрінде кескіндеу.
- В Есепті компьютерде шығару программасын құру және қателерін түзету.
- Г Есепке қажетті мәліметтер мен берілгендерді жинақтау.
- Д Компьютерде есеп шығару және нәтижені іс жүзінде қолдану.
Паскаль тіліндегі жазылу негіздері
Атау символдары және арнайы таңбалар
Атау (идентификатор) символдары ретінде латын әліпбиінің 26 әрпі және цифрлар қолданылады. Арнайы символдарға пунктуация белгілері және арифметикалық операция таңбалары жатады.
Айыру белгілері (delimiters)
- ␠ бос орын
- , үтір
- . нүкте
- : қос нүкте
- ; нүктелі үтір
- ' апостроф
- ( ) жақша
- [ ] квадрат жақша
- { } фигуралы жақша
Амалдардың орындалу тәртібі
Алгоритмдік және программалау тілдерінде (Паскаль, Бейсик, Си және т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі математикадағы ережелермен сәйкес келеді: алдымен жақша ішіндегі амалдар, содан кейін көбейту мен бөлу, соңында қосу мен азайту орындалады.
Арифметикалық амалдар
- Қосу+
- Азайту-
- Көбейту*
- Бөлу/
Бүтін және қалдық операциялары
- DIV — бүтін бөлу
- MOD — бөлуден қалған қалдық
Мысал: 10 MOD 3 нәтижесі 1.
Салыстыру белгілері
- = тең
- <> тең емес
- > үлкен
- >= үлкен немесе тең
Өрнектер және олардың жазылуы
Өрнек деген не?
Өрнек — арифметикалық амал таңбалары арқылы біріктірілген айнымалылардың, тұрақтылардың және функциялардың жиынтығы. Өрнектегі амалдардың орындалу тәртібі олардың орналасуына және жақшалардың қолданылуына байланысты өзгеруі мүмкін.
Мысалдар
Ескерту: Паскаль тілінде өрнектер тек сызықтық түрде жазылады.
Сергіту сәті
«Полиглот»
Тапсырмалар
Тапсырма №1
Төмендегі өрнектерді Паскаль ережесіне сай жазыңыз және қажет жерде DIV, MOD қолданыңыз. Мұндағы [ ] — бүтін бөлу мағынасын білдіреді.
1) Өрнектер
- (a + b) : (x * y)
- 8 - 2 + [21 : 4]
- (5 + 2 * 4) : 3
- (3,18 - 4,98) * (1,171 - 0,27) : (2,7 - 1,9) + 5,96
- (8 + 4) : 10
2) Есептер
- (2 + 3)-ті 6-ға бөлгендегі бүтін қалдықты табыңыз.
- 25 санын 3-ке бөлгендегі бүтін бөліндіні табыңыз.
- 42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңыз.
Тапсырма №2
Өрнектерді Паскаль ережесі бойынша жазыңыз.
Сабақты бекіту
Бекіту сұрақтары
- Атаулар дегеніміз не және олар не үшін қолданылады?
- Сандарды жазу ережесі қандай? Паскальде сандардың қандай типтері бар?
- Айнымалы және тұрақты шамалар дегеніміз не?
- Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
- Төмендегі өрнектердің мағынасын түсіндіріңіз: 2.5 DIV ..., 7 MOD 1.2 ...
Рефлексия
Бүгінгі сабақта қандай жаңа ұғымдарды меңгердіңіз? Қай бөлім сізге ең түсінікті болды, қай тұсында сұрақ қалды?
Үй тапсырмасы
Өрнектердің жазылу ережелері бойынша жаттығу орындау.
Бағалау
Оқушының тапсырмаларды орындауы, жауаптарының нақтылығы және белсенділігі бойынша бағаланады.
Қажет болса, материалдың толық нұсқасын қарап шығыңыз.