Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар
Педагогикалық олимпиада
Тақырыбы
Дарынды балаларға – талантты ұстаз
Мақсаты
Кәсіби педагогикалық білім беруді дамыту, педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыру және талантты мамандарды іріктеу.
Нәтиже күтілімі
Қатысушылардың педагогикалық ой-өрісі мен тәжірибесін кеңейту, кәсіби құзыреттілігін күшейту, шығармашылық әлеуетін ашу.
Жұмыс барысы
I. Кіріспе бөлімі
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар! Бүгін біздің мектебімізде бала жүрегінен жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін ұлағатты ұстаздарға арналған педагогикалық олимпиада өтеді.
Құрметті ұстаздар, «Дарынды балаға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиадамызға қош келдіңіздер!
Әділқазылар алқасы
- Гимназия директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары: Қ. Көпбай
- Бастауыш сыныптың тәжірибелі ұстаздары (аты-жөні көрсетіледі)
Тілектестік сөз
Бүгінгі педагогикалық олимпиадаға қатысып отырған ұстаздарға сәт сапар тілей отырып, сайыстың өту тәртібімен танысайық.
Олимпиада кезеңдері
-
1. Теориялық білім (тест)
10 минут40 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы.
-
2. Терминдер қақпасы
Педагогикалық-психологиялық терминдерді құрастыру және анықтама беру.
-
3. Педагогикалық ситуация
Сыныпта/оқушымен жұмыс барысында туындайтын жағдаяттарды шешу.
-
4. Эрудит
Көпсалалы білім мен шапшаң ойлауды талап ететін тапсырмалар.
-
5. Шығармашылық тапсырма
Оқыту үдерісіне қатысты идея ұсыну, ойын/әдіс құрастыру, тәжірибелік шешім көрсету.
II. Негізгі бөлім
Бас иіп топ алдында шығатын,
Сәлемдесу – парызы әрбір жастың.
Білімдерін паш етер сайыскерлер,
Сәті келіп қалғандай танысатын.
Ендеше, кезекті сайыскерлерге берейік: ұстаздар, командаларыңызды таныстырып өтсеңіздер.
1-кезең: Теориялық білім (тест)
«Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы». Ендеше, теориялық білімді шыңдайтын сайысымызды бастайық.
2-кезең: Терминдер қақпасы
Бұл кезеңде күнделікті қолданыстағы педагогикалық-психологиялық терминдерді табу ұсынылады. Әр командаға әріптер беріледі: сол әріптерді пайдаланып дұрыс термин құрастырып, анықтамасын айтып өтесіздер.
Термин
Аннотация
Аңдатпа: кітаптың, жинақтың немесе қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.
Термин
Рефлексия
Адамның өз іс-әрекетінің мәнін түсінуі, ой елегінен өткізуі және «нені, қалай жасадым?» деген сұрақтарға толық, анық есеп беруі.
Термин
Мотивация
Жеке тұлғаны немесе топты ішкі/сыртқы ықпал арқылы әрекетке жұмылдыру; қажеттіліктерді қанағаттандыру және мақсатқа жету үдерісі.
Қосымша тапсырма
Арнайы берілген анықтама бойынша жасырын терминді табыңыздар.
Термин
Портфолио
Маңызды құжаттарды жинақтап сақтауға арналған папка (жинақ).
Термин
Иллюстрация
Объективті әлемнің заттары, үдерістері мен құбылыстары туралы оқушының нақты түсінігін қалыптастыруға көмектесетін бейнелі көрнекілік құрал.
Термин
Анимация
Экрандағы объектілердің түрін, пішінін, өлшемін және орналасуын өзгерту арқылы мультипликациялық әсер жасау.
3-кезең: Педагогикалық ситуация
Сынып ұжымымен және әр оқушымен жұмыс барысында түрлі жағдаяттар кездеседі. Сол жағдайдан сауатты шығу — тапқырлық пен кәсіби шеберлікті талап етеді.
-
Жағдаят 1
Мұғалім сыныпқа кіргенде тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Оқушылар мұғалім «кінәліні» іздеп, сабақты өткізбейді деп ойлайды. Не істеу керек?
-
Жағдаят 2
Сіз бір оқушыға қатты ұрыстыңыз. Оқушы үйіне барып «апай мені ұрды» деп шағымданады да, ата-анасы ертіп келеді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
-
Жағдаят 3
Мұғалім математика оқулығын таратып жатыр. Самат үндемей кітапты қайтарып береді. «Самат, не болды? Неге қайтардың?» дегенде, ол: «Жыртық» дейді. Сіз не істейсіз?
4-кезең: Эрудит
«Эрудит» сөзі латын тілінен аударғанда оқымысты, дана деген мағына береді. Бұл кезең бірнеше сала бойынша білімді қолдануды, ізденуді және оқушы қабілетін ашуға бағытталған тапсырмалар жиынтығын қамтиды.
Құрметті ұстаздар, сіздер — оқымысты да дана, тұлға тәрбиелейтін жандарсыздар. Сондықтан ұсынылатын жұмыстарды ойлана отырып та, қызыға отырып та, шапшаң орындайды деп сенім білдіреміз.
5-кезең: Шығармашылық тапсырма
Дидактикалық ойындар баланың сабаққа ынтасын арттырып, назарын шоғырландыруға көмектеседі; қабылдауын жеңілдетіп, білімді толық меңгеруге ықпал етеді және сабаққа эмоциялық рең береді.
Тапсырма
Заттарды пайдаланып дидактикалық ойын құрастырыңыздар (мысалы: «Алма теру», «Сиқырлы сандық», «Дыбысына қарап таны», «Қай сан жоқ?» және т.б.).
Мысалы, «Алма теру» ойынында қатысушылар алма тере отырып, берілген тапсырмаларды уақытында әрі тез орындауы қажет.