Термин сөз

Сабақ туралы мәлімет

Аймақ
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы
Білім ордасы
Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебі
Пән
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім
Асанова Индира Мұқаевна
Сабақ тақырыбы
Екпін
Сабақ форматы
Жаңа сабақ, саяхат сабақ
Әдістер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу орындау

Сабақ мақсаттары

Білімділік

  • Екпіннің лексикалық мағынасын ашып, оның оқу мен сөйлеу нормасына тән құбылыс екенін түсіндіру.
  • Орыс тіліндегі екпін мен қазақ тіліндегі екпінді салыстырып, айырмашылықтарын анықтау.
  • Екпін түрлерін түсіндіру, меңгерту және ажырата білуге үйрету.
  • Екпін түспейтін қосымшаларды таныту.

Тәрбиелік

Берілген тапсырмалар арқылы ғылым мен білімге ұмтылуға, әдебиетті сүюге, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

  • Фонетика бойынша білімді тереңдету.
  • Үндестік заңына сай орфографиялық және орфоэпиялық сауаттылықты жетілдіру.
  • Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сыныптың назарын сабаққа аудару, жұмыс ырғағын қалыптастыру.

II. Оқушы білімін жан-жақты тексеру

1) Үй тапсырмасы

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

2) «Данышпан атаның» сұрақтары

  • Фонетика нені зерттейді?
  • Орфография мен орфоэпия дегеніміз не?
  • Буын дегеніміз не? Буынның түрлерін ата.
  • Үндестік заңы деген не?
  • Дыбыс үндестігі деген не? Оның түрлерін ата.

III. Жаңа сабақ

1) «Данышпан ата» түсіндіреді

Алдымен бүгінгі тақырыбымыз — «Екпін» сөзінің мағынасын ашайық. Күнделікті тілде бұл сөзді жиі қолданамыз: «бар екпінімен құлап түсті», «екпіндетіп сөйледі», «екпіні қатты жел соқты», «оқу екпіндісі», «даусы екпінді шықты».

Осы мысалдар екпіннің мағынасы күшті, көтеріңкі, қатты, ерекше екенін байқатады. Демек, «екпін»көп мағыналы сөз. Ал тіл білімінде ол термин ретінде қолданылады.

2) Оқулықпен жұмыс

Ережені түсініп оқып, екпіннің нелерге түсетінін анықтаймыз. Ереже бойынша екпін: бір сөзге, бір буынға, бір дыбысқа, бір тіркеске түсуі мүмкін.

Екпіннің анықтамасы

Сөйлеу кезінде бір сөздің басқа сөздерге, бір буынның басқа буындарға, бір дыбыстың басқа дыбыстарға қарағанда күштірек, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.

Екпін түрлері

  • Сөз екпіні
  • Дыбыс екпіні
  • Ой екпіні
  • Тіркес екпіні

Қазақ тіліндегі сөз екпінінің ерекшелігі

Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны көбіне тұрақты: екпін, әдетте, сөздің соңғы буынына түседі.

Мысал

Мектеп — кеме, білім — теңіз.

Мысал

Білімпаздарға.

Яғни, сөйлем ішіндегі көптеген сөздерде екпін соңғы буынға түсу үрдісі байқалады.