Құрметті ұстаз қауымы

Іс-шара сценарийі: «Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік»

Мақсаты

  • Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
  • Ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру.
  • Ұстаз еңбегін әрдайым бағалай білуге үйрету.

Көрнекіліктер

  • Қанатты сөздер
  • Гүлдер
  • Жалаушалар
  • Шарлар

Кіріспе

Сахна сыртынан ұстаз туралы өлең оқылады:

Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды...

Г

Гүлзат

Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Жаңа оқу жылымен қатар келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздарын, балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алады. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.

А

Алихан

Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында атап өтілетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің мейірімдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.

Т

Таир

Бүгін осы дәстүрлі мерекеге орай сіздердің шәкірттеріңіз бар шығармашылық қабілетін, өнерін, сезімін ортаға салып, шын жүректен тілек айтып, бәріңізге мерекелік көңіл күй сыйламақ ниетпен жиналып отыр. Құрметті ұстаздар, «Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік» мерекелік іс-шарасына қош келдіңіздер!

Ресми бөлім

Мерекелік жиынды ашу

Алихан: Бүгінгі мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы _____________________________ Жұмабекқызына сөз береміз.

Өлең жолдары

Таир:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

Шығармашылық бағдарлама

Ән: 4-сынып оқушылары

Гүлзат: Бұлбұл әншілеріміз асыл ұстаздарға деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын әсем әнімен жеткізгісі келеді. Ендеше сахнада 4-сынып оқушылары Аруза және Жармахан.

Тақпақтар

Алихан: «Сағыныш сазы толқытқан, арнамақ сөздің мәйегін. Шәкірттерін оқытқан, келіп тұр жолдап сәлемін» — деп, сахна төріне оқушыларды шақырамыз.

Гүлзат:
Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз, сенсің білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.

Құлпырған еліміздің ұл-қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз.

Ән: «Ақ тілек»

Гүлзат: Келесі кезекті әсем әуенді әнге берейік. Қарсы алыңыздар: 3-сынып оқушысы Есімжан Гүлден — «Ақ тілек» әні.

Құттықтау және хор

Алихан:
Ұстазым менің, ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.

Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді; жүрегі батыр, өнегесі асыл; жаны жомарт, пейілі дарқан; ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Қарсы алыңыздар: 2 «В» сыныбы — мерекелік құттықтау және «Ақылшы ұстазым» хоры.