Келденнің Құралайдан айрылуы
Сабақтың тақырыбы
Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру; ақын тілінің ерекшелігін таныту; өлеңнің мәні мен мағынасын ашу.
- Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін, ойын еркін жеткізуін, ой-өрісі мен шығармашылық ізденісін дамыту.
- Тәрбиелік: Өлең арқылы туған жерді, ана тілін құрметтеуге, адамгершілікке және адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша
- Сабақтың түрі:
- Жаңа білім беру
- Сабақтың әдістері:
- Түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, талдау, пікірін қорғау
- Көрнекілік:
- Қ. Аманжолов туралы бейнематериал, слайд
- Пәнаралық байланыс:
- Қазақ тілі, музыка
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару, сыныпты түгендеу.
I. Үй тапсырмасын сұрау және пысықтау
Өткен сабақта Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы қарастырылды. Үй тапсырмасын пысықтау үшін тақтада поэманың композициялық жоспары көрсетіліп, сюжеттік дамудың әр кезеңін оқушылар кезекпен түсіндіреді.
Композициялық жоспар
- Оқиғаның басталуы: Елге сыйлы Ойбас Қыпшақ Монтай би.
- Оқиғаның дамуы: Монтайдың Келден баймен кездесуі.
- Оқиғаның шиеленісуі: Келден байдың жан баласына ашпаған сырын айтуы.
- Оқиғаның шарықтау шегі: Қалмақтың Сейқын ханының қызы Құралаймен кездесу.
- Оқиғаның шешімі: Келденнің Құралайдан айырылуы.
Пысықтау сұрақтары
- Иса Байзақовты біз кім деп танимыз?
- Ол қай ғасырда өмір сүрген?
- Алдыңғы сабақтарда ХХ ғасырдағы қандай ақын-жазушыларды өттік?
Бүгінгі сабақ ХХ ғасыр әдебиетінде өзіндік орны бар, туған халқының сөз өнерінде «өртке тиген дауылдай» жырларымен мәңгілікке орныққан дауылпаз ақын Қасым Аманжоловқа арналады.
II. Мағынаны тану
- Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнематериал көрсету.
- Слайд арқылы ақынның отбасымен таныстыру.
III. Мәтінді игерту
- 1 «Өзім туралы» өлеңін мәнерлеп оқу.
- 2 «Түртіп алу» әдісі бойынша түсініксіз сөздерді белгілеу және мағынасын ашу.
- 3 Оқушылардың өлеңді бір-бір шумақтан кезектесіп оқуы.
Сөздік жұмысы (түсіндіріледі)
IV. Білімді бекіту
Талқылау сұрағы 1
Өлең «Өзім туралы» деп аталса да, ақын тек өзі туралы ғана толғаған ба?
Талқылау сұрағы 2
Өзі арқылы тағы қандай мәселелерді көтереді?
Талқылау сұрағы 3
Өлеңде қандай көңіл күй басым?
V. Қорытынды
Қасым Аманжолов — өзі айтқандай, елінің ерке ақыны. Ғасырлар өтсе де, оның өр рухты жырлары қазақ әдебиетінде биік орны мен мәнін сақтай береді. Аз ғұмыр кешсе де, әдебиетімізге өлшеусіз үлес қосқан дауылпаз ақынды мәңгі жадымызда ұстап, мақтан тұтамыз.
VI. Үй тапсырмасы
- «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау.
- Өлеңді оқи отырып, ақынға мінездеме беру.
VII. Білімді бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен жауаптарының мазмұнына қарай бағалау.