Қайран жандар
Мұқағали Мақатаев
Қайран біздің шешелер!
Арды ойлаған,
Шілік шауып, ши орып, бау байлаған.
Жігіттерден айрылып, қалмай қараң,
Қырман басып, егін caп арба айдаған.
Шалбарланып көйлегін,
Шарт буынып,
Шаруаның қостарын тартты буып.
Қауіп төнсе,
Қызғаншақ жолбарыстай,
Атылатын жауына жалт бұрылып.
Ұйықтамайтын,
Тек қана көз ілетін,
Көзін ілсе, ерімен кезігетін.
Әйелдігін ұмытып күні бойы,
Түнде ғана,
Жатарда сезінетін.
Қайран біздің жеңгейлер!
Өскен ерен,
Егін орып, бау байлап, дестелеген.
Алақандай ақ шытқа мұңын шағып.
Хат жазатын, кешкісін, кестеменен.
Қарайып, кешегі аппақ маңдайлары,
Аңызақта қаңситын таңдайлары.
Көздерінде тұратын Күндерімнің
Көктегені даланың сарғайғаны.
Қайран біздің өмірдің - балқаймағы
Бір бұйымы - бір үйге мұра болар,
Қайран біздің Атайлар - Ғұламалар
Алғыс айтып, тәңірге қарғыс айтып,
Айдалада, аулақта жылап алар.
Жылап алып,
Қайтадан қуаттанып,
Егінжайға келетін бұлақты алып.
Тоқтап қалған тірліктің машинасын
Жүргізетін, бір жерін бұрап қалып.
Қайран жандар!
Қайран жандар!..
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әлемді үрей елесі кезіп жүр
Ана - сарқылмайтын күш
Бұқар жырау жайында
Атамекен
Абай өмірбаяны
ӘЙЕЛ ДЕГЕН ӘЛЕМ БАР
Ақын–жыраулар мен билердIң шешендIк сөз өнерIндегI тәлIмдIк ойлар
Қазақ халық медицинасы
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі
Жас кезінен алдына қалайда ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші Май ауылында туған
Аналар - өмірге ұрпақ қалдырып барып өтетін жандар
Қолымыздан келетіні, жанымызда жүрген жандарға барынша қамқорлығымызды аямау
Қайран көк қалпақ
Халі мүшкіл жандарға қолдан келгенше қайырымдылық жасап, барыңмен бөлісу - имандылықтың белгісі
Махаббат тек бар қиындықты еңсерген, бар ауыртпалықты артқа тастаған жандардың ғана жемісі
Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт(Ерлі - зайыпты жандардың бір - біріне деген тілегі - Жар лебізі)Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт, Жанымызға жуытпаймыз бір күдік