Алгебра 10 сыныпСабақтың тақырыбы

Алгебра, 10-сынып

Бұл сабақ қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын жүйелеуге және формулаларды дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

cos t = a sin t = a

Сабақтың тақырыбы

Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу: cos t = a, sin t = a.

Сабақтың түрі

Топтық жұмыс.

Өту әдістері

  • Аралас әдіс
  • Іздену
  • Өзін-өзі тексеру
  • Талдау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешуде формулаларды дұрыс қолдану, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Ой-өрісті дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру, теориялық білімді практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелілік

Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа және ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Деңгейлік тапсырмалар
  • Компьютер
  • Ақпараттық құралдар

Негізгі ұғым

a санының арксинусы деп синусы a санына тең болатын [-π/2; π/2] аралығындағы α бұрышын айтады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

II. Үй жұмысын тексеру

  1. Екі оқушы тақтаға шығып, үйге берілген есепті орындайды.
  2. Тригонометрия туралы қысқаша тарихи мәлімет беріледі.
  3. Қалған оқушылар ауызша сұрақтарға жауап береді.

Назар аударатын тұстар

Теңдеулердің түрлері

Сабақта cos t = a және sin t = a түріндегі теңдеулерді шешу тәсілдері қарастырылады.

Өзін-өзі тексеру

Оқушы формулаларды дұрыс қолдана отырып, шешімінің аралықтарға сәйкестігін тексереді және қорытындыны талдайды.