Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
5.7.7. Көлік және жол белгілері
Пән / сынып
Қазақ тілі, 5-сынып
Сабақтың тақырыбы
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Пәнаралық байланыс
География
Оқу мақсаттары
5.О5
Мәтін мазмұнын түсінуге және нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.
5.ӘТН.4.2
Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.
Сабақ мақсаттары (деңгей бойынша)
Барлық оқушылар
- Мәтін мазмұнын баяндайды.
- Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.
- Зат есімнің мағыналық түрлерін атайды.
Оқушылардың көпшілігі
- Мәтінді түсініп, негізгі және қосымша ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.
- Зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, тұжырымдайды.
Кейбір оқушылар
- Мәтін мазмұнын терең меңгеріп, жоғары деңгейлі сұрақтар әзірлейді.
- Оқыту мен оқуда көшбасшылық танытады.
- Зат есімнің мағыналық түрлерін мәнмәтінде жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.
Бағалау критерийлері
Мәтінмен жұмыс
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.
Грамматика
Зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, тиісті жалғауларды жалғау арқылы түрлендіреді.
Сабақ барысы
Басы
2 минут
- 1 Ұйымдастыру кезеңі: «Тілектер жауыны» тренингі арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
- 2 Оқушыларды «Білім бекетіне» жету үшін билет алу арқылы топқа бөлу:
1-топ
Автобус билеттерін алған жолаушылар
2-топ
Пойыз билеттерін алған жолаушылар
3-топ
Ұшақ билеттерін алған жолаушылар
Ортасы
1-бекет
Үй тапсырмасын тексеру
Белгілі бір көліктің тарихы туралы дереккөздерден мәлімет жинап, жазу. Оқушы жұмыстары жинақталып, тексеріледі.
2-бекет
Ой қозғау
«Қоғамдық көлік түрлері» тақырыбында ассоциация құру.
3-бекет
Оқылымалды тапсырма
Мозаикадағы суретті құрастыру арқылы оның не екенін анықтау және сол арқылы жаңа сабақтың тақырыбына шығу.
Бағалау: мадақтау сөздері арқылы.
4-бекет
Оқылым тапсырмасы (топтық жұмыс)
Оқулықтағы 145-бет, 1-тапсырмадағы мәтінді оқу.
А. 1-топ
«Кластер» әдісімен мәтіндегі тірек сөздерді ретімен жазады.
А. 2-топ
Алдын ала ұсынылған суреттерді мәтін мазмұны бойынша ретімен орналастырып, мәтінді баяндайды.
А. 3-топ
Метроның артықшылықтарын дәлелдейді.
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы.
5-бекет
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Мәтінді оқығаннан кейін оқушылар сұрақтар әзірлейді:
1-топ
Мәтін мазмұнын білу және түсіну деңгейіндегі сұрақтарды құрастырады.
2-топ
Мәтін мазмұнын қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, проблемалық сұрақтар қояды.
Мысал контекст: Қызылорда қаласы, Абай ауылы.
Автор туралы
Орны
Қызылорда қаласы, Абай ауылы
Мектеп
Абай атындағы №138 орта мектеп
Мұғалім
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Әсем Пірімова