Ертегілер бойынша суреттер жиынтығы
Сабақтың тақырыбы
«Байлық пен ақыл» — I бөлім: дыбыс және әріп. Сабақтың негізгі бағыты — оқушыларды адамгершілікке баулу.
Мақсат және шағын мақсаттар
I. Білімділік
Ертегі жанры туралы мағлұмат беру, ертегінің мазмұнын түсіндіру.
II. Дамытушылық
Топпен жұмыс істеуге және өздігінен қорытынды шығаруға дағдыландыру.
III. Тәрбиелік
Қазақ халқының ұлттық мұрасында әке мұрасының шаңырақтағы кенже ұлға тиесілі екенін ұғындыру.
Сабақтың ұйымдастырылуы
Түрі, формасы, әдісі
- Сабақтың типі:
- Түсіндірмелі-иллюстративтік.
- Сабақтың формасы:
- Топтық, ұжымдық.
- Сабақтың әдісі:
- «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегиялары.
- Пәнаралық байланыс:
- Қазақ тілі, математика.
Көрнекілік және құрал-жабдық
Көрнекілік:
- 2-сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығы.
- Ертегілер бойынша суреттер жиынтығы.
- Тірек сызбалар.
Құрал-жабдық:
- Интерактивті тақта.
- Тақта және бор.