Сабаққа назарларын аудару

Сабақ тақырыбы

Дүниетану: таулы жер өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты

  • Таулы жердің ауа райы, ондағы өсімдіктер мен жануарлар туралы мәлімет беру.
  • Табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу.
  • Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.

Ұйымдастыру

Көрнекілігі
Суреттер, карта, жазба бет және т.б.
Сабақ түрі
Аралас сабақ

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа назар аударту: құралдарды дайындау, жұмысқа жұмылдыру.

Кіріспе әңгіме

Тақтаға Қазақстан Республикасының табиғат белдеулері бейнеленген карта ілінеді. Мұғалім сабақтың басталуын өлең жолдарымен өрнектейді:

Кең дала, көресің бе сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын-шалқар көл мен өзен —

Әне, сол анам еді мені тапқан.

Бұл жолдар Қазақстанның кең-байтақ, табиғаты алуан түрлі өлке екенін еске салады. Қазақстан — Еуразиядағы ірі мемлекеттердің бірі, жер көлемі жағынан әлемде 9-орында. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай кеңінен созылып жатқандықтан, табиғат жағдайлары да сан қырлы.

Карта бойынша бақылау

Картадағы түрлі түстерді талдау арқылы елімізде шалғынды аймақтар, шөл және шөлейт жерлер, су қоймалары, орман-тоғайлар сияқты табиғи нысандардың мол екенін байқаймыз.

Сабақтың ерекшелігі

Бүгінгі сабақта әр оқушы өзін зерттеуші ретінде сезінеді. Қызықты тапсырмалар көп болады, сондықтан ұйымшылдықпен және көтеріңкі көңіл күймен жұмыс істейміз.

Зерттеуші жолдамасы

Әр оқушыға зерттеушінің жолдама қағазы таратылады. Алдымен жолдамаға өз аты-жөнімізді жазамыз.

Үй тапсырмасы

Су қоймаларының өсімдіктері мен жануарларын қорғау.

1-тапсырма

Тест жұмысы. Тексеру көрші парта бойынша жүргізіледі.

2-тапсырма

Сабақтың тақырыбын ашу үшін алфавиттік кестемен жұмыс жасаймыз. Үш кесте беріледі: алфавиттік лентаны пайдаланып, әр кестедегі нөмірлердің астына тиісті әріптерді қойып, кестелерді толықтырамыз.