Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысыМақсаты

Сабақ тақырыбы

Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы.

Сабақ типі

Аралас сабақ.

Сабақ түрі

Дәстүрлі сабақ.

Мақсаттары

  1. 1) Оқушыларды арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы формулаcымен таныстыру және оны қолдану арқылы есеп шығара білуге үйрету.
  2. 2) Жаңа тақырыпты меңгеруге жағдай жасау: білімді мысалдармен бекіту, қорытынды шығару, ізденушілік пен шығармашылық қабілеттерді дамыту.
  3. 3) Ойлау қабілетін және танымдық белсенділікті дамыту; ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Түсіндірмелі Сұрақ-жауап Жеке жұмыс Ішінара ізденушілік Репродуктивті Ой қозғау

Көрнекіліктер

  • Мультипроектор

    Көрнекі түсіндіру және демонстрация.

  • Слайд

    Мысалдар мен қадамдық шешім.

  • Нақыл сөздер

    Мотивациялық қолдау.

  • Формулалар

    Негізгі анықтамалар мен байланыстар.

  • ҰБТ есептері

    Қолдану дағдысын бекіту.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Психологиялық дайындық: Қазақ халқы — қонақжай халық. Үйімізге қонақ келсе, төрге шығарып, жылы ықыласымызды білдіреміз. Бүгінгі сабақта да белсенділік танытып, қала мектептерінен келген қонақтарға сый-құрметімізді көрсете білейік.
  • Кері байланыс үшін «шығу парағын» оқушыларға тарату.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасының шығару жолы слайд арқылы көрсетіледі. Оқушылар өз жұмыстарын өзара тексереді және қателерін түзетеді.

№173

Берілгені: a3 = 25, a10 = −3. Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі мен айырымын табыңдар.

Шешуі

  • a10 − a3 = 7d, сондықтан 7d = −3 − 25 = −28, демек d = −4.
  • a3 = a1 + 2d, яғни 25 = a1 + 2(−4)a1 = 33.

Жауабы: a1 = 33, d = −4.

№177 (ә)

30 саны −25; −19; … арифметикалық прогрессиясының мүшесі бола ма?

Шешуі

  • a1 = −25, a2 = −19. a2 = a1 + d болғандықтан, −19 = −25 + dd = 6.
  • an = a1 + (n − 1)d формуласы бойынша: 30 = −25 + (n − 1)·630 = −25 + 6n − 630 = 6n − 316n = 61n = 61/6.

Қорытынды: n натурал сан болуы керек, ал 61/6 ∉ N. Демек, 30 саны бұл арифметикалық прогрессияның мүшесі бола алмайды.

Автор туралы

Нарегеева Венера Мәлікшеқызы

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Қ. Қ. Тоқмұхамедов атындағы №14 жалпы білім беретін орта мектептің математика пәні мұғалімі.

Тақырып: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы.