Әділқазы алқаларымен таныстыру
Мектепке дейінгі тәрбие
Мақсаты
Аналар мерекесіне орай балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалап, құрметтей білуге баулу. Анаға деген сүйіспеншілік арқылы елге, жерге деген махаббатты арттыру.
Жүргізушінің құттықтау сөзі
Қымбатты балалар, сүйкімді аналар, құрметті тәрбиешілер! Гүл көктемнің алғашқы жүрекке жылы, мейірімді мерекесі — бүкіл мерекенің бастауы саналатын Аналар күні құтты болсын!
Қыс ызғарын жайма-шуақпен жеңіп, табиғат бойына нәр құятын, бар тіршілікті марғау ұйқыдан оятатын мейірлі көктем де келді.
Арнау
Өмірдің иесі — сен, ғазиз ана,
Келтірген дүниеге небір дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті — сонда ғана.
Сайыстың басталуы
8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні және Жыл басы — Наурыз мейрамына арналған «Ең сүйкімді бүлдіршін» сайысымызға қатысатын қыздарымызды аналарымен бірге ортаға шақырамыз.
Әділ бағасын берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға —
Әділқазы алқасын сайлайық,
Бүгін ең сүйкімді бүлдіршінді анықтайық.
Мерекеде әсем ән шырқайық, өнерлі өрендермен танысайық. Әділдік пен шындықты арқа тұтқан қазылар алқасымен танысайық.
Әділқазылар алқасын таныстыру.
Сайыс кезеңдері
-
1
Таныстыру
Үй тапсырмасы: қолөнер жұмысы.
-
2
«Өнерлі — өрге жүзер»
Қатысушылардың өз өнерін көрсетуі.
-
3
«Білгенге — маржан»
Сұрақ-жауап кезеңі.
-
4
«Қыздарға әсемдік жарасады»
Шаш сәні мен сәнді киім үлгісін көрсету.
-
5
«Дәм-думан»
Дастархан және дәм ұсыну кезеңі.
Алғашқы кезең
Сайысымыздың алғашқы шарты — «Таныстыру». Ендеше, таныстыру кезеңін бастаймыз.
Келесі кезек
Ендігі кезекте «Өнерлі — өрге жүзер» сайысы. Бүлдіршін қыздарымыз дайындалғанша, ер балаларымызға кезек берейік.