Бутерброд түрлерін ата

Іс-шара туралы

Атауы

«Ханшайым» атты сабақтан тыс іс-шара (5-сыныптар арасында)

Іс-шара түрі

Жарыс

Жұмыс әдістері

  • Жеке
  • Топтық
  • Фронтальды

Мақсаты

  • 5-сынып бойынша алған білімдері мен дағдыларын бекіту және оларды тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беру.
  • Бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
  • Ептілікке, тапқырлыққа, қиындықты еңсере білуге баулу.

Жұмыс барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылармен сәлемдесу.
  2. 2 Топтарды таныстыру: бүгінгі жарысқа екі топ қатысады. Қошеметпен қарсы алайық. Қыздар, іске сәт! Жарысты бастайық.
  3. 3 Әділқазылар алқасын таныстыру (технология пәні мұғалімі, кітапханашы, оқушы).
  4. 4 Топтардың сәлемдесуі.

II. Қызығушылықты ояту

Сұрақ-жауап және жұмбақтар. Әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай.

  1. 1. Шайдың отаны қай ел? Жауап — Үндістан
  2. 2. Бутерброд нанының қалыңдығы қанша см болуы керек? Жауап — 1 см
  3. 3. Шайдың құрамында қандай дәрумендер тобы бар? Жауап — C, P, B
  4. 4. Бутерброд түрлерін ата.
  5. 5. Тамыржемісті көкөністерді ата.
  6. 6. Түйнекті жемістердің қандай түрлерін білесің?
  7. 7. Бірнеше рет қайталанған инешаншым орны қалай аталады? Жауап — тігіс
  8. 8. Қандай тігіс түрлерін атай аласың? Жауап — қол және машина
  9. 9. Тігін машинасының жобасын алғаш рет кім ұсынды? Жауап — Леонардо да Винчи
  10. 10. «Тігін машинаның атасы» деп кімді атаймыз?
  11. 11. Ою-өрнектердің түрлерін ата.
  12. 12. «Ою-өрнек» сөзінің мағынасын түсіндір.
  13. 13. Мақта талшығының қасиеттерін айт.
  14. 14. Зығыр талшығының түсі қандай?

III. «Өнер алды — қызыл тіл» сайысы

Топ мүшелері мақал-мәтел жолдарындағы ыммен айтылатын сөзді табады немесе мақалды жалғастырады. Кейін шектеулі уақытта мақал-мәтелдерді жарыса айтады.

  • 1. Жеті рет өлшеп,
  • 2. Еңбек қылсаң ерінбей,
  • 3. Көз қорқақ,
  • 4. Бүгінгі істі қалдырма.
  • 5. Өнерлі болу , өнерсіз болу бейнет.
  • 6. Өнерліден , өнерсізден жирен.

IV. «Дастархан мәзірі» сайысы

Тапсырмалар

  • I топ: шай демдеу ережелерін айтады.
  • II топ: кофе қайнату тәсілін түсіндіреді.

Сөздік тапсырма

Топ мүшелері «Қ» әрпінен басталатын тағам түрлерін жазады. Қайталанған сөздер сызылады да, қалған сөз саны есептеледі (мысалы: құрт, қуырдақ, қымыз).

V. «Шебердің қолы ортақ» шығармашылық тапсырмасы

Қыздардың өнерін байқап көру үшін топ мүшелері 5 минут ішінде Барби қуыршағына киім үлгісін дайындайды.

Қосымша ойын (қыздар дайын болғанша)

Екі ұл бала шақырылады. Қыздар киім шкафына қиялмен қарап, киім үлгілерін атайды (мысалы: көйлек, белдемше).

Музыкалық нөмір орындалады.

VI. Сән көрсетілімі

Әр топ дайындаған шағын коллекциясын таныстырып, сән үлгілерін көрсетеді.

VII. «Мәре» сайысы

Жылдамдық пен ұқыптылыққа арналған тапсырмалар:

1. Картоп тазалау

2. Пияз турау

3. Фасольді бұршақтан бөлу

4. Түйме қадау

5. Көктеу тігісін тігу

6. Шашылған қоқысты жинау

7. Ашық хатты құрастыру

8. Сусынды дұрыс ішу

9. Апельсин тазалау

10. Апельсин тазалау (қайталау тапсырма)

Қорытынды

Бағалау

Жарыста жеңіс те, жеңіліс те болады. Әділқазылар алқасы қорытынды шығарып, ұпайларды жариялайды.

Бағдарлама

Қорытынды сәтінде музыкалық нөмірлер орындалады.

Марапаттау

Жеңімпаздар марапатталады.