Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру

Тәрбиелік іс-шара: «Елбасы еңселеткен Елорда»

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағатының мазмұны мен жүргізілу үлгісі.

Мақсаты

  1. 1 Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туған-өскен ортасы, білім алған және қызмет еткен орындары туралы мәлімет беру.
  2. 2 Ел өміріндегі жауапты кезеңдермен таныстыра отырып, Отанды сүюге, ержүректілікке, азаматтық ұстанымға және патриоттық сезімге тәрбиелеу.
  3. 3 Оқушылар жүрегінде елге қызмет етуге құлшыныс пен мемлекетке құрмет сезімін нығайту.

Іс-шара барысы

Басталуы

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Жүргізуші 1

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Жүргізуші 2

Қайырлы күн, тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары! Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Сұрақ-жауап және ойтолғау

1

Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбітшілік пен татулықта өмір сүріп жатқанымызға кімнің еңбегі сіңді?

2

Қазақстанды әлемге танытып, елордамызды көркейтуге бағытталған бастамалар мемлекетіміздің дамуына серпін берді.

3

Тәуелсіздік жылдарында еліміз экономика, білім беру, медицина, өндіріс және халықаралық байланыстар бағытында жүйелі түрде дамыды.

Еске алу

Тәуелсіздікке жету жолы жеңіл болған жоқ. Бұл жолда талай ерлер құрбан болды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған Мұхтар Шахановтың «Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» өлеңі тыңдалады.

Тәуелсіздік туралы ой

«Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі».

— Н. Ә. Назарбаев

Тәуелсіздік — қазақ халқының аңсаған арманы, қол жеткен мұраты. Байтақ жердің аман сақталуы — ата-бабамыздың ерлігі мен табандылығының жемісі.

Тарихи дерек

  • 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
  • 1991 жылғы 1 желтоқсанда Президент сайлауы өтті, тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
  • Конституцияға сәйкес мемлекет басшысы — Президент.
  • 2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлауда Н. Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

Өлең шумақтары

Туған ел туралы

Туған жердің жайқалған алқабы — егін, Биік сенің мәртебең, дарқан елім. Пейіліндей қазақтың байтақ далам, Сен неткен кең едің, шалқар едің. Ашық аспан — жайнаған жұлдыздары, Тұр асқақтап Алатау шың-құздары. Анасындай туған ел қамқор болып, Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын. Әсем сазы басталған таза ағыстан, Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан. Қадамы нық әлемде, аты айқын — Егеменді ел бүгін Қазақстан.

Қазақстан туралы жыр

Қазақстан, Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далаға жылап келіп, уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман! Кең байтақ қой Қазақстан картасы, Астанамен айшықталған ортасы. Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, Бұның бәрі — Елбасының еңбегі. Шықты тарап ой-данадан, Бері қарап жұлдыз беті. Өзі қалап сайлап алған, Елімнің бар Президенті. Оянады көңілден қайдағы арман, Бақыт желі ескендей жайлап алған. Президентім бар менің — елі түгел, Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

Қорытынды ой

Бұл тәрбие сағатының өзегі — тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру, ел тарихындағы маңызды белестерді еске алу және жас ұрпақты елге қызмет етуге баулу.