Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін анықта
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сыныбы
- 9 (12 жылдық)
- Сабақтың тақырыбы
- Сөйлем түрлері. Бұйрықты сөйлем
- Сабақтың түрі
- Шығармашылық-ізденіс сабағы
- Көрнекілігі
- Кесте-сызбалар, мультимедиялық проектор
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
Сабақтың мақсаты
- Сөйлем түрлері бойынша өткенді қайталау арқылы білімді толықтыруға жағдай жасау.
- Тақырыпты әр оқушының деңгейіне сай меңгерту жолдарын жан-жақты қарастыру.
- Ой еркіндігі мен пікірдің дәйектілігін, нақтылығын дамыту тәсілдерін тиімді қолдануға баулу.
- Шығармашылық пен тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Бастау- Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.
- Үй тапсырмасын сұрау.
Миға шабуыл: айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін анықта.
- Қазақта жеті ата деген шежірелік ұғым бар.
- Бір-біріне жиен-нағашы болып кеткенмен, ата-текті біліп, өз руының таңбасы мен ұранын білу — ата-баба дәстүріне деген құрмет емес пе?!
- Сендерге тағы қандай жаратылыстану ғылымдары белгілі?
- Сайын даланың тарихын жүздер мен рулардың шежіресіне, ерліктің рухын ата ұранына сыйдыра білген ата-бабаларымыз неткен дана еді?!
- Күнделікті өмірлеріңді химиямен байланыстыра алар ма едіңдер?
- Жеті атаға толмай қыз алыспайды.
- Бүгінгі күні қазақстандықтар заман мен уақыт талабының ығында туған жерінен жырақта жүр.
- Мүмкін, әлі көрмеген боларсың?
Тренинг және топқа бөлу
- Оқушыларды ортаға шақырып, конфет тарату арқылы бір-біріне тілек айтқызу.
- Суреттер арқылы топқа бөлу: «Білгірлер» және «Тапқырлар».
Бағалау
Әр топтан бағалау жүргізетін сарапшылар тағайындалады.
Мұғалім сөзі
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — сөйлем түрлері, соның ішінде бұйрықты сөйлем. Мақсатымыз — сөйлем түрлерін қайталап, білімді жетілдіру және шығармашылық пен тапқырлықты дамыту.
II. Жаңа сабақ
Негізгі бөлім1) Сәйкестендіру әдісі
| Мысал | Түрі |
|---|---|
| 1. Хан қызының жұмбағы қиын ба? | Сұраулы |
| 2. Тұр, кет жолымнан. | Бұйрықты |
| 3. Мемлекеттік тілді мақтан тұтамын! | Лепті |
| 4. Айтылған мысалдар бойынша үнемі ізденіп жүрмін. | Хабарлы |
Қорытынды: айтылу мақсатына қарай сөйлемнің төртінші түрі — бұйрықты сөйлем.
2) Топпен жұмыс
«Достар әлемінде»
Білгірлер тобы
| Сөйлем | Түрі |
|---|---|
| Рысқұл ауылда қалған балаларды ойлады. | Хабарлы |
| Ғарыштан жер қалай көрінеді? | Сұраулы |
| Берекеңнен айналдым, беу, қазақ-ай! | Лепті |
| Уақытты созбай, іске кіріс! | Бұйрықты |
Мінездемелік сипаттама (рөлдік түсіндіру)
- Хабарлы сөйлем — «ақпарат бөлімінің» жетекшісі: жаңалықты нақты жеткізеді.
- Сұраулы сөйлем — журналист: сұрақ қойып, мәліметті нақтылайды.
- Лепті сөйлем — өнер адамы: сезімді, көңіл күйді әсерлі білдіреді.
- Бұйрықты сөйлем — тәртіп пен орындауды талап ететін бағыт: әрекетке шақырады.
«Жай сөйлемдер әлемінде»
Тапқырлар тобы
Тапсырма: атауын тап, мысал келтір, дәлелде.
Құрылымына қарай
- Тек тұрлаулы мүшелерден жасалады.
- Тұрлаусыз мүшелер қатысады.
Бастауыштың қатысуына қарай
- Бастауышы бар сөйлем.
- Бастауышы жоқ сөйлем.
Толымдылығына қарай
- Айтылуға тиісті мүшелердің барлығы қатысқан сөйлем.
- Тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.
3) «Ізден, тап!» айдары
Білгірлер тобы
84-жаттығу: әдебиет оқулығын пайдаланып, ақындардың өлеңдерінен бұйрықты сөйлемдерді теріп жазыңдар.
Ақындар: Абай, Жамбыл.
Тапқырлар тобы
85-жаттығу: өлең үзінділерінен бұйрықты сөйлемдерді көшіріп жазып, жаттап алыңдар.
4) Сергіту сәті: «Сұрақ қоя білесің бе?»
Ереже: әр оқушы 10 сұрақ қана қоя алады. Тірек сөздер: мектеп, оқушы, ұстаз, гүл.
III. Бекіту
Практика5) Грамматикалық тапсырма
Оқушылар қызыл немесе жасыл алманы таңдау арқылы тапсырма бағытын анықтайды.
Қызыл алма
Қас пен көздің арасында жетіп келдің бе
Мен келгенде ойдағы-қырдағы ел жиналған екен.
- Сөйлем түрлерін анықтап, тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.
- Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыздар.
Жасыл алма
Туу түк түсініп болмайтынын-ай
Айтыс ақыны болу үшін қазақ халқының шежіресі мен тарихын жақсы білетін зеректік керек.
- Сөйлем түрлерін анықтап, тыныс белгілерін дұрыс қойыңдар.
- Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар.
IV. Қорытынды
Жинақтау6) Графикалық диктант
- Ертең күн ашық болар деп ойлаймын.
- Сабаққа қашан бармақ?
- Уа, шіркін, қандай таза ауа!
- Үлкенге іні, кішіге аға бол!
Сарапшы әр топтағы оқушылардың жұмысын қорытындылап, баға қояды.
V. Үй тапсырмасы
РефлексияТақырып: «Бұйыра сөйлеу мәдениетті талап ете ме?» — осы мәселе бойынша мақала дайындау.