Білгішбектен хат
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / сынып
Қазақ тілі, 3-сынып
Тақырып
Сөз және оның мағынасы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Көрнекіліктер
- Слайд
- Қима қағаздар
- Суреттер
- Текшелер
Сабақтың мақсаты
- Білімдік: сөз және оның мағынасы туралы түсінік қалыптастыру; мағынасы жағынан әр түрлі сөздерді ажырата білуге үйрету.
- Дамытушылық: логикалық ойлауын, тілін және есте сақтау қабілетін дамыту.
- Тәрбиелік: ұқыптылыққа, таза әрі сауатты жазуға тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
3 минут
Қадамдар
- Сәлемдесу.
- Топқа бөлу: I — «Аяз», II — «Қар», III — «Мұз».
- Психологиялық дайындық: өлең жолдарымен сабаққа кіріспе.
Психологиялық дайындық
Арың, жаның — тіліңде,
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.
II. Үй тапсырмасын тексеру
5 минут
5-жаттығу: әр топтан 1–2 оқушы өздері құраған сөйлемдерін оқиды.
III. Тірек білімді еске түсіру
3 минут
1-тапсырма
Сөйлемдерді қаратпа сөзге айналдыр.
2-тапсырма
Жалаң сөйлемдерді оқы. Берілген сөздерді пайдаланып, жайылма сөйлемге айналдыр.
3-тапсырма
Нүктенің орнына бастауышты қой.
IV. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
3 минут
Білгішбектен хат
Балалар, сендер кез келген сөздің не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін жақсы білесіңдер. Дүние мен әлем туралы білімнің мол болуы сөз мағынасымен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білсеңдер, қоршаған ортаны да жақсы танып-білесіңдер.
Түйін сұрақтары
- Бұл хаттан қандай қорытынды жасауға болады?
- Сөз мағынасының түрлері туралы не айта аламыз?
Сөз мағынасының түрлері
- Мағынасы мәндес (жуық) сөздер.
- Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
- Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.
V. Жаңа білімді меңгерту
2-жаттығу (топтық жұмыс)
5 минут
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып жаз (тақтада жазбаша орындалады).
I топ — «Аяз»
Жарық — қараңғы, биік — ..., жақын — ..., кең — ..., жылы — ..., жаңа — ...
II топ — «Қар»
Сұлу — әдемі, ана — ..., ақылды — ..., мөлдір — ..., батыр — ..., мұғалім — ...
III топ — «Мұз»
Жаз: хат жаз, жаз айы, ауруды жаз.
Тура: ..., ..., ...
Жас: ..., ..., ...
Түс: ..., ..., ...
3-жаттығу
3 минут
Суретке қарап әңгіме құрастыр. Әңгімеде мағынасы жуық, қарама-қарсы мағыналы және айтылуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерді қолдан.
Сергіту сәті
2 минут
Қимылды жаттығулар арқылы оқушылардың зейінін сергіту.
4-жаттығу
3 минут
- Суреттерге қара. Суреттегілердің әрқайсысын ата.
- Ортақ белгісін анықта.
- Сөздерді тіркестіріп жаз.
Суреттегілер әртүрлі болғанымен, олардың бәрін бір сөз біріктіреді. Бұл сөзде қанша мағына бар?
Білгішбектің ережесі
Екі немесе одан да көп мағынасы бар сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады. Яғни, айтылуы мен жазылуы бір, мағынасы әртүрлі болуы мүмкін.
4 минут
Топтық мысалдар
Әр топқа қағаз таратылады, топ мүшелері бірлесіп көп мағыналы сөздерге мысал келтіреді.
1-топ
ара
2-топ
қой
3-топ
мақта
VI. Жаңа білімді бекіту
5 минут
5-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің астын сыз. Мағыналарына назар аудар.
- Шыңғыс басына тақия киді.
- Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты.
- Бас бәйгені бермедің.
Әр топ өздері жазған сөйлемдерді оқиды.
VII. Топтық жұмыс: постер қорғау
5 минут
Берілген сөздерді тиісті жерге орналастыр. Оқушылар жұмыстарын қорғап, дәлелдейді.
1-топ
Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер.
2-топ
Мағыналары қарама-қарсы сөздер.
3-топ
Жазылуы мен айтылуы әртүрлі, мағынасы бірдей сөздер.
Үй тапсырмасы
Мағынасы жуық сөздерге сөйлем құрастыр.
Бағалау
3 минут
Топ басшылары мен мұғалім бағалауды біріктіріп, қорытынды баға шығарады.
Сабақты қорытындылау
2 минут
«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», — деп қазақтың ұлы ақыны Абай айтқандай, болашақта ақылды, қайратты, жылы жүректі азаматтар мен азаматшалар болыңдар.