АлматыҚасым АманжоловЖақсы екен ғой Алматым, Алтын үйек астанам
Алматы
Қасым Аманжолов
Жақсы екен ғой Алматым,
Алтын үйек астанам.
Осы екен ғой жаннатың
Атам қазақ аңсаған.
Келдім сені сағынып,
Алтын ұям - Алматым.
Кең көшеңде басар нық
Мен бір ақын солдатың.
От пен темір сайысқан
Келдім майдан төрінен.
Жер құшам деп көр құшқан
Жауды жеңіп келдім мен.
Сағынышын солдаттың
Сен сұрама, мен айтпан.
Кетті шығып бір ұшқын
Кеудемдегі шыңайттан.
Күлкі - жасы аралас,
Ақын да бір жас бала.
Тербет өзің, мауқын бас,
Алтын бесік - астана.
Жүрмін жортып қызықтап,
Көше қоймай баспаған.
Сыбырлайды жапырақ,
Жалт қарайды тас маған.
Өкпе, назға - манафест,
Жатыр құшып достарым.
Сары алтын күн, думан кеш,
Қанар емес құмарым.
Ән мен күйді сапырған
Сал домбыра - сал ожау;
Сабырлы оймен отырған
Бір қария Алатау.
Неткен сұлу өмір ең!
Қарай берем үңіліп.
Ғажайып бір мейірмен
Келешегің тұр күліп.
Жақсы екен ғой Алматым
Алтын тулы астанам.
Осы екен ғой жаннатың
Атам қазақ аңсаған.
1945
Қaсым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Бүркіт ысқақовтың шығармашылығы
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың үлгісі
Туған елім, тірегім ( әдістемелік құрал )
Ұрпаққа ұлағат
Сегізінші наурыз - қазақ ақыны Төлеген Айбергеновтің туған күні
ЕЛТАНЫМ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Бекет ата
Баяндауыштың жасалу жолдары
АЛТЫНАЙҰЛЫ ҚАРАСАЙ
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН
8 қыркүйек бейбітшілік күні
Ы. Алтынсарин қазақ халқының тұңғыш ағартушысы
АЛТЫН ЖӘНЕ БАҒАЛЫ МЕТАЛДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАЖАЙЫ
Некенің сот арқылы сотсыз бұзылуы туралы
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы туралы
Қара алтынның қақпағы
Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы
НЕКЕНІ БҰЗУ