Бүгінгі сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
Мейірімділік. Шығармашылық жұмыс.
Сабақтың мақсаты
-
Мейірімділік қасиеті туралы ұғымдарын кеңейту.
-
Оқушыларды мейірімділікке баулу.
-
Құнды қасиеттерді дамыту.
Әдіс-тәсілдер
Әңгімелеу, түсіндіру, оқулық және дәптермен жұмыс, ойын, сұрақ-жауап, интербелсенді әдістер.
Көрнекіліктер
Түрлі-түсті суреттер, интербелсенді тақта, үнтаспа, ноутбук.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Рефлексия
Балалар шеңбер құрып, қолдарын бір-бірінің алақандарына қояды. Көздерін жұмып, баяу әуен ырғағымен қимыл жасайды.
Бұл өмірде біз үшін маңызды нәрселер көп. Соларға қол жеткізу үшін үнемі талпынамыз, жанымыздағы адамдарға жақсылық жасағымыз келеді. Ол үшін жүрегімізде мейірім нұры болуы керек.
Мейірімділік әр адамда бар. Ең маңыздысы — оны дер кезінде көрсете білу. Бүгін сіздерді мейірімді болуға шақырамын.
Сабақтың ұраны
Бал араша тынбаймыз,
Білім балын жинаймыз.
Мектеп — ана, өзіңе біз,
Бестіктерді сыйлаймыз.
Топқа бөлу
Таратпа материалдар арқылы оқушыларды топтарға бөлу.
Бағалау
Бағалау парақшалары топ басшыларына және әр оқушыға жеке беріледі. Критерийлер сабақ басында бірлесіп құрылады. Оқушылар сол критерийлер бойынша өзін-өзі, топ мүшелерін, топ басшысын және мұғалімді де бағалай алады.
2) Негізгі бөлім
Тыныштық сәті
Үнтаспадан «Ана қадірі» әнін тыңдау.
Сұрақтар
-
Қазіргі сәтте кімді еске түсірдіңдер?
-
Аналардың қандай кереметі туралы ойландыңдар?
Түйінді ой: мейірімділік.
Оқулықпен жұмыс
Тапсырмаларды орындау. Интербелсенді тақтада табиғат туралы бейнеклип көрсету.
Сын тұрғысынан ойлау модулін қолдану: «Мейірім» тақырыбына постер жасап, сурет салу және тақтада қорғау.
Сергіту сәті
«Көңілашар» жаттығуы мұғалімнің басшылығымен орындалады.
Ағаш — табиғаттың баға жетпес байлығы. «Ағаш болып көрейік»: қолды жоғары көтеріп, ағаш қалпына келеміз. Мұғалім желдің бағытын айтады (оң жақтан, сол жақтан, әр тараптан), оқушылар дене қимылымен соны бейнелейді.
Дәптермен жұмыс
«Ана жүрегі» және Адхамбек Юлдашевтың «Не істедім — анама?» бейнеролигін көрсету.
Оқушылар «Мейірімділік» тақырыбында шығарма жазып, өз ойларын дәптерлеріне түсіреді.
3) Қорытынды
Сабақты аяқтау
Оқушылардың бағалау парақшаларын және жазған шығармаларын жинап алу. Үй тапсырмасын түсіндіру. БББ стратегиясы бойынша рефлексия жаздыру.
Үй тапсырмасы
-
Өткен тақырыпты қайталау.
-
«Аналар», «Ана табиғат», «Жер ана», «Күн ана» тақырыптарында неге «ана» сөзі қолданылатынын ойлану: ортақ қасиетін тауып, өз ойларын жазып келу.