Ертең нешесі
ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы
Маяковский атындағы орта мектеп (ММ)
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Қалмақбаева Гүлназ Ернатқызы
Пән
Қазақ тілі
Сынып
6-сынып
Бағыты
Филология
Сабақ тақырыбы
Үстеуден өткенді қайталау. «Тапқыр достар» ойыны
Білімділік мақсат
Оқушылардың үстеу туралы алған білімдерін пысықтау; үстеу түрлерін ажырата білуін қалыптастыру; танымдық қабілетін арттыру; ойын арқылы білімді бекіту.
Дамытушылық мақсат
Сөйлеу тілін жетілдіру; ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту; ізденіп білім алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсат
Өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу; шапшаң ойлауға баулу; командада жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ түрі
Ойын сабақ, дәстүрден тыс сабақ
Әдісі
Сұрақ-жауап, логикалық және деңгейлік тапсырмалар
Көрнекілігі
Слайд, қосымша материалдар, интерактивті тақта, кеспе қағаздар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныптың дайындығын тексеру
- Топтарға бөлу, ережені түсіндіру
II. Өткен тақырыпты қайталау
Үстеудің түрлерін еске түсіру: ереже мен мысалдар арқылы жинақтау.
| Түрлері | Ереже | Мысалдары |
|---|---|---|
| 1) Мезгіл үстеуі | Қимылдың мезгілін білдіреді. | Бүгін, былтыр, биыл, ертең, кешке, қазір, күндіз, қыстай, ала жаздай, әлгінде, баяғыда, бұрын, таңертең, түнде, бүрсігүні. |
| 2) Сын-қимыл үстеуі | Қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді. | Әрең, ақырын, бірден, бірге, бірте-бірте, осылай, әрең-әрең, емін-еркін, лезде. |
| 3) Мекен үстеуі | Қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді. | Ілгері, кейін, мұнда, сонда, ірің, бері, жоғары, төмен, алға, артта, арттан. |
| 4) Мөлшер үстеуі | Қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді. | Онша, сонша, анағұрлым, әжептәуір, қыруар, талай, бірталай, мұншама. |
| 5) Күшейткіш үстеу | Қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп немесе солғындатып көрсетеді. | Әбден, тым, ең, ылғи, кілең, сәл, тіпті, мүлдем, дәл, нағыз, керемет, орасан, ерен, әрең, аса, өте. |
| 6) Мақсат үстеуі | Қимылдың болу мақсатын білдіреді. | Әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана. |
| 7) Себеп-салдар үстеуі | Қимылдың болу себебін, салдарын білдіреді. | Босқа, бекерге, жоққа, құр, лажсыздан, амалсыздан, шарасыздан. |
«Тапқыр достар» ойыны
Ойынның мақсаты — үстеу тақырыбын қызықты тапсырмалар арқылы қайталау, топтық жұмыс пен жылдам ойлауды дамыту.
I топ
Тұлпар
II топ
Сұңқар
III топ
Жұлдыз
I тур. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Әр оқушы бір әріпті таңдайды. Қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.
I топ — Тұлпар
- Сен бүгін нешеде тұрдың?
- Сен қандай үйірмеге барасың?
- Күрделі үстеуге мысал айт.
- Жайлауға қашан барасың?
- Сен нені армандайсың?
- Жазғы демалыста қалай демалдың?
- Сенің мінезің қандай?
- Еріншектің несі бітпейді?
- Бүгін нешесі?
- Сабақ нешеде басталады?
II топ — Сұңқар
- Сен қандай кітапты сүйіп оқисың?
- Күрделі үстеуге мысал айт.
- Сен кеше нешеде тұрдың?
- Кітапханаға қашан барасың?
- Сен нені армандайсың?
- Қысқы демалыста қалай демалдың?
- Сен қазір қандай көңіл-күйдесің?
- Қандай адамның бір ісі артық?
- Ертең нешесі?
- Сабақ нешеде аяқталады?
III топ — Жұлдыз
- Сен кеше қайда бардың?
- Күрделі үстеуге мысал келтір.
- Сен кеше нешеде ұйықтадың?
- Қалаға қашан барасың?
- Сенің арманың қандай?
- Жазғы демалыста қайда барасың?
- Сенің сүйікті пәнің қандай?
- Ұстаз өз жемісін қашан көреді?
- Алдыңғы күні нешесі болды?
- Ертең қайда барасың?
II тур. «Ойлан, тап»
Мақсаты — берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
I топ — Тұлпар
- 1 Шай қайнатым уақыт — аз ғана уақыт.
- 2 Сүт пісірім уақыт — 5–10 минут шамасы.
- 3 Ақ пен қызыл арасында — алыс.
- 4 Қан сонарда — алғашқы қар жауған күн.
- 5 Аяқ астынан — ойламаған жерден.
II топ — Сұңқар
- 1 Қас пен көздің арасы — өте жақын (лезде).
- 2 Қас қараю — кеш бату.
- 3 Төбеге жай түскендей — ойламаған жерден.
- 4 Кірпік қаққанша — көз ілмей, өте қысқа сәт.
- 5 Ісі далаға кету — пайдасы болмау.
III топ — Жұлдыз
- 1 Қас қағым сәт — тез арада.
- 2 Түс ауа — түстен кейін.
- 3 Түн ауа — түн ортасы өткенде.
- 4 Тал түс — күндіз, дәл түс кезі.
- 5 Түстен кейін — күннің екінші жартысы.
III тур. «Сен білесің бе?»
Мақсаты — ұяшық артында жасырылған сұрақтарға жауап беру.
10 ұпай
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Жауабы: 9
20 ұпай
Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Жауабы: 7
30 ұпай
Өздік етістің жұрнақтарын ата.
Жауабы: -ын, -ін, -н
40 ұпай
Белгісіздік есімдіктерді атап бер.
Жауабы: кейбіреу, қайсібір, әлдеқайда, әркім
50 ұпай
Зат есім, сын есім, сан есім орнына қолданылатын сөз табы.
Жауабы: есімдік
60 ұпай
Бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.
Жауабы: есімше
70 ұпай
Үстеудің қай түрі «Қалай? Не мақсатпен?» сұрақтарына жауап береді?
Жауабы: мақсат үстеуі
80 ұпай
Ілгері, кейін, мұнда, жоғары, төмен — қай үстеу түріне жатады?
Жауабы: мекен үстеуі
90 ұпай
Қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі.
Жауабы: тұйық етістік
IV тур. «Кім тапқыр?»
Мақсаты — берілген сөздерді көрермендерге жасырып, тапқызу.
I топ — Сұңқар
II топ — Тұлпар
III топ — Жұлдыз
Қорытынды
Сабақ соңында оқушылар үстеудің мағынасына қарай түрлерін қайталап, мысалдармен ажыратуды бекітеді. Ойын кезеңдері арқылы жылдам жауап беру, топпен жұмыс істеу және тілдік қорды қолдану дағдылары дамиды.