Қарлығаш пен дәуіт

Астана қаласы, №45 орта мектеп • Бастауыш сынып мұғалімі: Абильмажинова Гульнара Жанахметовна

Әдебиеттік оқу (2-сынып): «Қарлығаш пен дәуіт»

Негізгі түйінді идея

Ертегіні тыңдату арқылы Қарлығаштың адамға дос құс екенін, ал Дәуіттің адалдығын түсіндіру. Оқушыларды бір-біріне көмектесуге, қиын сәтте жәрдем беруге үйрету.

Оқу мақсаты

  • Ертегі мазмұнын түсініп, жан-жақты талдай білуге үйрету; идеясын ашу.
  • Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының ойын дамытуға мүмкіндік беру.
  • Негізгі идея — достық құндылығын паш ету.
  • Сыни тұрғыдан ойлау, өздігінен білім алу, ойын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ құрылымы

Сабақ кезеңдері оқушылардың қызығушылығын оятып, топтық өзара әрекет арқылы мәтінді түсінуге, талдауға және шығармашылықпен жалғастыруға бағытталған.

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Көңіл-күй табиғаты» әдісі арқылы жағымды эмоция орнату, сабаққа назарды шоғырландыру.

Топқа бөліну

Оқушылар сурет қиықтарын құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді: Қарлығаш, Көкек, Дәуіт. Мақсат — серіктестік қарым-қатынасқа қолайлы орта құру және тақырыпты алдын ала ашу.

Рөлдер (жеребе арқылы)

  • Көшбасшы
  • Бақылаушы
  • Орындаушы
  • Суретші

Топ ережелері

  • Бір-бірін тыңдау
  • Уақытты үнемдеу
  • Белсенділік таныту
  • Достық қарым-қатынас сақтау
  • Позитивті болу

Үй жұмысын тексеру (Білу)

Бір оқушы үйге берілген ертегіні ойша жаңғыртып бастайды. Одан кейін сағат тілі бағытымен әр оқушы мәтіннен бір сөйлемнен қосып, әңгіме толық аяқталғанша жалғастырады.

Қосымша: «Қыз баланың қайырымдылығы» тақырыбындағы эссе оқылады.

2) Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту (Түсіну)

«Миға шабуыл» арқылы жұмбақ шешіп, сабақтың тақырыбына шығу. Оқушылар оқыған/тыңдаған кезде туған ойы мен сезімін бөліседі; бұрынғы білім еске түседі; белсенді әрекетке жұмылдырылады.

Жұмбақтар

  • Қонып алып жарға, қарқылдайды… (қарға)
  • Өзі жасыл әрі батыр, ол не? (дәуіт)
  • Өзі қара, бауыры ақ, ол не? (қарлығаш)

«Араласып кеткен оқиғалар» әдісі

Ертегі 3 бөлікке бөлініп, топтарға таратылады. Оқушылар бөліктерді дұрыс ретке келтіріп, мәтінді толық түсініп оқиды. Әр бөлімге ат қойып, жоспар құрастырады.

Жаңа білімді игерту (Қолдану)

«Мағынаны тану» кезеңінде ертегі үнтаспадан тыңдатылады, әр топ мазмұнын қысқаша баяндайды.

Сөздік жұмысы

Араша — құтқарушы, қорғаушы.

Топтық тапсырма: «Синквейн»

5 жол өлең құрастыру арқылы ертегі кейіпкерлеріне сипаттама беру.

  • 1-топ

    Қарлығашты құрастырып, мінездеме беру

  • 2-топ

    Дәуітті құрастырып, мінездеме беру

  • 3-топ

    Жыланды құрастырып, мінездеме беру

Сергіту сәті

Музыка сүйемелдеуімен «Алақанға жан бітір» ойыны.

3) Ой-толғаныс және қорытынды

Ойлан – жұптас – топтас (Талдау)

Мақсаты — жаңа білімді жинақтау, ынтымақтаса жұмыс істеу және өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізу. Оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, тұжырым жасайды.

Шығармашылық жалғастыру

«Бір күні Көкек торға түсіп қалыпты…» деп бастап, ертегіні әрі қарай жалғастырыңдар.

Кейіпкерді қайта бейнелеу

Өз ертегілеріңде Қарлығашты қалай бейнелер едіңдер: мейірімді, кек сақтамайтын құс па, әлде бұрынғы ренішін ұмытпай, Көкек пен Қарғадан өш алатын кейіпкер ме?

Ойқозғау сұрақтары

  • Ертегідегі шынайы достықты неден көруге болады?
  • Көкек пен Қарғаның мінезіндегі кемшіліктер өмірде кездесе ме?

Қорытынды (Жинақтау)

«Көзбен көретін фактілер» әдісі арқылы сыни ойлау күшейтіледі: оқушылар өздігінен қорытынды жасап, пікірін еркін жеткізеді.

Кесте: ертегі бойынша деректер
Оқушылар төмендегі тармақтарды толтырады.
  • 1) Ертегінің атауы
  • 2) Басты кейіпкер
  • 3) Оқиғаның болған жері
  • 4) Жағымсыз кейіпкер
  • 5) Тапқыр кейіпкер

Кері байланыс сұрақтары

  • Сабақтан алған әсерлерің қандай?
  • Қай тапсырма жеңіл болды?
  • Қай тапсырма қиындық келтірді?

Үй тапсырмасы

  • Ертегіні оқу, мазмұнын айтуға дайындалу.
  • Дәуіт туралы қосымша мәлімет іздеу.

Рефлексия және бағалау

Оқушылармен кері байланыс жүргізіледі: сабақ әсері, жеңіл және қиын тапсырмалар анықталады. Сабақ соңында «Гүл шоғы» тренингі арқылы бір-біріне жақсы тілек айтылады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңа рахмет!»

Қосымша материалдар

Толық нұсқасын жүктеу • Слайдын жүктеу