Египеттегі ғылыми білімдердің қалай қалыптасқаны жайлы мағлұмат бере отырып, оқушылардың сыни ойлауын дамыту

Мұғалім туралы мәлімет

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің ІІІ деңгейлі тарих пәні мұғалімі — Жұмабаева Қалдыгүл Қалдыбайқызы.

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Пәні

Ежелгі дүние тарихы

Сыныбы

6-сынып

Сабақ тақырыбы

Египеттегі ғылыми білім негіздері

Түйінді мақсат және оқу талаптары

Египеттегі ғылыми білімдердің қалай қалыптасқанын түсіндіру арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту, білімді талдап қолдануға бағыттау.

Белсенді оқыту тәсілдері

  • 1

    Топтық жұмыс: топтар бір-біріне сұрақ қояды, өзара кері байланыс береді.

  • 2

    Ассоциация құру: ұғымдарды байланыстырып, тақырып мазмұнын кеңейту.

  • 3

    Салыстыру және талдау: тарихи деректерді жүйелеу, себеп-салдарды анықтау.

  • 4

    Өзіндік жұмыс: жеке қорытынды жасап, дәлел келтіру.

Күтілетін нәтижелер

Білу

Ежелгі Египетте қандай ғылыми білімдер болғанын анықтайды.

Түсіну

Ғылыми білімдердің қалай қалыптасқанын түсіндіреді.

Қолдану

Иероглифтер мен жаңа сөздерді тапсырмаларда қолданады.

Талдау

Ежелгі мектеп пен қазіргі мектепті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды.

Жинақтау

Мектеп ережесін құрастырады және оны негіздейді.

Бағалау

Ғылым дамуының қазіргі қоғамға және адамзат өміріне әсерін бағалайды.

Оқыту үшін бағалау

Оқушылар сабақ барысында сыни ойлауды дамытатын сұрақтарға жауап береді және ББҮ (Білемін — Білгім келеді — Үйрендім) кестесін толтыру арқылы өз оқу үдерісін бағалайды.

Оқушылардың сұраныс-талабын ескеру

  • Топтарға тапсырманы орындау шарттары түсіндіріледі.

  • Мұғалім әр топты аралап, жұмыс барысын бақылап, бағыт-бағдар береді.

  • Ерте аяқтаған оқушыларға жеке шығармашылық тапсырмалар ұсынылады (кеңейтілген сұрақтар жазбаша түрде).