Сабақты тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
Hello
Сабақтың мақсаты
Шет тілі (ағылшын тілі) ұғымдарын қалыптастыру, атап айтқанда тілдік-коммуникативтік дағдыларды дамыту: сәлемдесу, танысу және қарапайым диалог құру.
Бүгінгі сабақта үйренеміз
- Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы жалпы түсінік.
- Кейбір дыбыстарды дұрыс айтуға арналған жаттығулар.
- Сәлемдесу және танысу үлгілері: Hello, Hi, Good morning.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру сәті
- Оқушылармен амандасу.
- Кезекшімен қысқаша әңгіме.
II. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Балалар, біз бүгін ағылшын тілін үйренуді бастаймыз. Бүгінгі сабақта ағылшын тілінде қай елдер сөйлейтінін білеміз, кейбір дыбыстарды қайталап, ағылшын тілінде бір-бірімізбен амандасуды және танысуды үйренеміз.
III. Жаңа материалмен жұмыс
Бізге ағылшын тілін үйренуге Ақылды Қарға көмектеседі. Ол Англиядан, Лондон қаласынан ұшып келді. Mr Wise Crow өте ақылды және күрделі дыбыстарды меңгеруге көмектеседі.
Дыбыстық жаттығу
eɪ, eɪ, eɪ
Енді сендердің кезектерің: Ақылды Қарғаның артынан қайталаңдар. Now you. Repeat after Mr Wise Crow: eɪ, eɪ, eɪ.
Well done, children!
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығуНұсқау
Listen to your teacher and repeat.
Суретке қараңдар:
- 1 қыркүйекте қандай мерекені атап өтеміз?
- Суретте кімді көріп тұрсыңдар?
Үлгілер
Good morning, I’m a teacher!
Repeat after me: Good morning!
Әдетте таңертең ересектерге Good morning дейміз. Ал бір-бірлеріңе Hi немесе Hello деп айтуға болады.
Hello, I’m Alibek!
Repeat after me: Hello, I’m Alibek!
Танысу үшін сұрақ қойыңдар: Who are you?
Жауап беріп көріңдер: I am Anar.
Өлең тыңдау
2-жаттығу · Track 3Тапсырма
Өлеңді тыңдап, қайталаңдар. Сосын бәріміз бірге айтамыз.
Hi! I’m Anar.
I’m a girl.
Hi! I’m Olga.
I’m a girl.
Hello, I’m Alibek.
I’m a boy.
Hello, I’m Misha.
I’m a boy.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалысАйтып, бірге орындаңдар
Hands up!
Hands down!
Shake! Shake!
Stand up!
On the tiptoes
Turn around.
Step aside, step left!
Step right!
Дәптермен жұмыс
Практика1-жаттығу
Суретті аяқта да, дауыстап айт.
2-жаттығу
Оқушылар сурет салып, өз есімдерін ағылшын тілінде айтады.
IV. Сабақты қорытындылау
Бүгін сендер ағылшын тілінде қай елдерде сөйлейтінін және ағылшын тілі халықаралық тіл екенін білдіңдер. Сонымен бірге сәлемдесу сөздерін қайталап, өз атымызды ағылшын тілінде айтып үйрендік.
Ойлануға сұрақтар
- Сабақта өзің үшін қандай жаңалық аштың?
- Сабақ соңында ата-анаңа не айтып берер едің?
Қайталау
Қорытынды сөз
Өте жақсы! Сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер.
Well done, children! Ал енді қоштасамыз: Goodbye!