Оқушылардың сабаққа қатысуы

Сабақтың тақырыбы

Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі

Сабақтың түрі

Жаңа білім беру

Пәнаралық байланыс

Экология

Сабақтың мақсаты

Оқушылар бейімделгіштік (адаптация) туралы түсінік қалыптастырып, тірі ағзалардың қорек талғауға бейімделуі, климаттық бейімделуі және қорғаныш реңдер туралы білім алады. Сонымен қатар, тірі ағзалардағы қорғаныш реңдердің үш типін ажырата білуге үйренеді және бейімделушіліктің тіршілік үшін маңызын түсінеді.

Күтілетін нәтиже

  • Бейімделушіліктің тірі ағзалар үшін маңызын түсіндіреді.
  • Бейімделгіштіктің негізгі түрлерін сипаттайды.
  • Қорғаныш реңдердің үш типін ажыратады.

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Интербелсенді тақта
  • «Организмдердің бейімделгіштігі» кестесі
  • Логикалық тапсырмалар
  • Постер қорғау

Оқыту стратегиялары мен бағалау

Белсенді әдістер

  • Диалогтік оқыту
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта арқылы материалды визуализациялау және тапсырмаларды ұсыну.

Бағалау

  • Формативті бағалау
  • Бағалау парағы арқылы бағалау
  • Сабақ үдерісіне толық қатысуды қадағалау

Оқушылардың қатысу форматы

Топтық жұмыс Жұптық жұмыс Жеке жұмыс

Мұғалім бағыт-бағдар беріп, қажет кезде ақпаратпен толықтырады.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
  • Оқу құралдарын тексеру.
  • Зейінді сабаққа аудару және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары

Табиғи сұрыпталу дегеніміз не?

Табиғи іріктелу дегеніміз не?

Тіршілік үшін күрес: себептері мен түрлері қандай?

Оқшаулану дегеніміз не? Түрлерін атаңыз.

Популяциялық толқындар дегеніміз не және оған не әсер етеді?

«Күрес» ұғымын қалай түсінесіз?

Шөлді жерлерде өсімдіктердің аласа болуы, жапырақтарының тілімденуі немесе тікенекке айналуы, тамырларының тереңге кетуінің себептері қандай?

Тіршілік үшін күрестегі «оңай кездейсоқтық» ұғымын қалай түсіндіресіз?

Табиғи іріктелу формаларының типтерін атаңыз.

Табиғи іріктелудің нәтижелері қандай?

Биологиялық алға басу және кері кету деген не?

Топқа бөлу

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» қағидатына сүйене отырып, оқушылар түстерді талдау арқылы үш топқа бөлінеді. Әр топ басшысы сайланып, бағалау парағы таратылады.

I топ

Қорғанушы

II топ

Сақтанушы

III топ

Еліктеуші

Жаңа тақырыпты меңгерту

Бұл бөлімде тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделу жолдары қарастырылады: бейімделгіштік ұғымы, бейімделудің негізгі түрлері және қорғаныш реңдердің типтері.

Мәтінмен жұмыс негіздері

  • Бейімделгіштік (адаптация) туралы ақпарат беру.
  • Бейімделудің түрлерімен таныстыру.
  • Қорғаныш реңдердің үш типін қарастыру.
  • Бейімделушіліктің тіршілік үшін маңызын талдау.

Негізгі ұғым: бейімделгіштік (адаптация)

Бейімделгіштік (адаптация) — тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақты жағдайларында тірі қалу мүмкіндігін арттыратын қасиеттерді қалыптастыруы. Бұл қасиеттер ағзаның құрылысында, мінез-құлқында және физиологиясында көрініс табады. Бейімделу — эволюцияның маңызды нәтижелерінің бірі.

Бейімделудің негізгі түрлері

I. Қорек талғауға бейімделу

Қорек тапшылығы және түр ішіндегі бәсекенің күшеюі нәтижесінде кейбір дарақтар қоректенудің жаңа көзіне ауысады. Бұл өзгеріс тірі қалу мүмкіндігін арттырады.

II. Климаттық бейімделу

Төтенше табиғи жағдайларда (суық, ыстық, құрғақшылық және т.б.) тіршілік етуге мүмкіндік беретін бейімделулер қалыптасады.

III. Қорғаныш рең

Қорғаныш рең — жыртқыштан қорғануға немесе қоректі аулауға көмектесетін бейімделу. Қорғаныш реңді үш негізгі типке бөлуге болады:

  • Қорғаныш рең
  • Еліктеу реңі
  • Көрнекілеу реңі