Артқы аяқ бөлімдерін ата

Биология 7–8 сынып Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

Қосмекенділер класы: жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы.

Сабақтың мақсаты

Қосмекенділер класының жалпы сипаттамасын меңгерту; бақаның құрылымдық ерекшеліктерін және қоректенуін түсіндіру; жаңа тақырыпты жүйелі түрде игерту.

Сабақтың міндеттері

  • Ойды ашық айту және дәлелдей білу.
  • Топтық тапсырмаларда ұқыптылық пен тәртіпті сақтау.
  • Өздігінен ізденуге ынталану.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар қосмекенділер класының жалпы сипаттамасын, бақаның сыртқы және ішкі құрылысын, тіршілік әрекеттерін меңгереді. Өз білімін жүйелей алады және қорытынды жасайды.

Әдіс-тәсілдер

СТО, ОЖТ, ОүБ, ОБ, көшбасшылық, АКТ құралдарын қолдану.

Пәнаралық байланыс

Сурет, қазақ тілі, тарих.

Көрнекіліктер

Бағалау парақшалары, смайликтер, постер, стикерлер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

Төмендегі құрылым сабақ кезеңдерін ретімен ұйымдастыруға және оқушы белсенділігін арттыруға бағытталған.

1) Ұйымдастыру

  1. аСәлемдесу; сабақтың тақырыбы, мақсаты және міндеттерімен таныстыру.
  2. әТопқа бөлу.
  3. бҮй тапсырмасын тексеру.

2) Қызығушылықты ояту

Оқушылардың бастапқы білімін анықтау және жаңа тақырыпқа бағыттау үшін жетекші сұрақтар:

  • Неліктен оларды «қосмекенділер» деп атайды?
  • Қандай қосмекенді жануарларды білесіңдер?
  • Олар қалай тіршілік етеді?

3) Мағынаны тану (Блум таксономиясы бойынша)

1. Білу

Оқушылар қосмекенділер туралы бұрыннан білетін мәліметтерін еске түсіреді.

  • Түрлерін атау.
  • Мекен ету ортасын анықтау.
  • Сәйкестендіру тапсырмасы.

2. Түсіну

Оқушылар фактілер мен идеялардың мағынасын түсінгенін көрсетеді:

  • Түсіндіру.
  • Өз сөзімен айту.
  • Көрсету, анықтау.

3. Қолдану

Оқушылар алған білімін әртүрлі жағдайларда қолданады.

4. Талдау

Мәліметтерді бөлшектеу, тексеру, салыстыру және айырмашылықтарын анықтау.

5. Жинақтау

Білім элементтерін жаңа үлгіге біріктіру арқылы қорытынды жасау: құрастыру, жасау, дамыту, ұсыну, шешу, ойлап шығару.

6. Бағалау

Нақты дәлелдерге сүйене отырып, мәліметтерді бағалау: құндылығын табу, қорғау, ұсыну, дәлелдеу.

4) Ой толғаныс

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Бағалау

Формативті бағалау нәтижесіне сүйене отырып қорытынды баға шығару.

Үй тапсырмасы

Қосмекенділердің көптүрлілігі.

Тапсырмалар мен бағалау

Бұл бөлім сабақтағы білімді бекітуге арналған нақты әрекеттерді қамтиды.

1) Білім: қосмекенділер туралы негізгі түсінік

Қосмекенділер — құрлықта да, суда да тіршілік ететін жануарлар. Көпшілігі секіріп қозғалады және құрлыққа бейімделген алғашқы омыртқалылар қатарына жатады. Осыған байланысты көптеген түрлерінде екі жұп аяқ болады, ал артқы аяқтары ұзындау келеді.

Бақа сияқты тіршілігі жартылай сумен байланысты түрлерде артқы аяқ саусақтарының арасында жүзбе жарғақ дамыған. Аяқтары негізінен үш бөлімнен тұрады.

2) Түсіну: суретпен жұмыс

Суретке қарап, бақаның сүйек жүйесінің негізгі бөлімдерін атаңдар.

3) Қолдану: қозғалу мүшелері бойынша тест

1. Бақаның неше аяғы бар?

  • а) 2
  • ә) 4
  • б) 6
  • в) 4 жұп

2. Алдыңғы аяқ бөлімдерін ата.

  • а) Қары, білек, алақан
  • ә) Білек, сирақ, саусақ
  • б) Қары, алақан, саусақ
  • в) Сан, қары, білек

3. Артқы аяқ бөлімдерін ата.

  • а) Алақан, саусақ, сирақ
  • ә) Сан, сирақ, табан
  • б) Табан, саусақ, сан
  • в) Сирақ, табан, білек

4. Омыртқа жотасы неше бөлімнен тұрады?

  • а) 4
  • ә) 5
  • б) 6
  • в) 2

5. Бақа қалай қозғалады?

  • а) Жүреді
  • б) Жүзеді
  • в) Секіреді
  • г) Жорғалайды

4) Талдау: тірек сызбамен жұмыс

Тірек сызбаны толықтырыңдар: «Қосмекенділер — құрылысы».

5) Жинақтау: негізгі мүшелерді анықтау

Суретке қарап, бақаның негізгі мүшелерін анықтап, қызметімен байланыстырып қорытынды жасаңдар.

6) Бағалау: нәтижені бекіту

Топбасшылар бағалау парақшалары арқылы формативті бағалау жүргізеді. Нәтижесінде қорытынды баға журналға қойылады.

Оқушыларға стикерлер таратылады: бүгінгі сабақтан алған әсерін жазып, тақтаға жапсырады.

Қорытынды үй тапсырмасы

Тақырып

Қосмекенділерге жалпы сипаттама. Сыртқы және ішкі құрылысы.

Қосымша

Қосмекенділердің көптүрлілігі туралы мысалдар келтіріп, қысқаша сипаттама жазу.