Келді міне, Жаңа Жыл Барысы:Музыка әуенімен залға балалар кіреді
Ертеңгілік көрінісі
Музыка әуенімен залға балалар кіреді.
Жүргізушінің құттықтауы
Құрметті ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Жаңа жылға арнап «Аққу» тобының бүлдіршіндері әзірлеген «Келді міне, Жаңа жыл» атты ертеңгілікті қабыл алыңыздар.
Орман кейіпкерлерінің кездесуі
Шыршаның артынан қоян секіріп шығады.
Қоян
Ау, жарандар, ал қараңдар —
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз.
Аю
Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Аю: Сәлеметсің бе, қоян! Той алдында ұйқымды ашып, сергіп келдім. Мен бүгін ұйықтамаймын, Жаңа жылды қарсы аламын.
Түлкі
Екеуі қол ұстасып билеп жүргенде, алдынан түлкі шығады.
Түлкі: Қоянжанға бір сәлем!
Түлкі: Аю паңға мың сәлем!
Аю мен Қоян: Түлкі, кел мұнда!
Қасқыр
Сол сәтте қасқыр шыға келеді.
Қасқыр: Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын!
Қасқыр: Қане, құшақ ашайық, достық тойын жасайық!
Бәрі бірге: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Мерекелік бөлім
Жаңа жылдық хор
Балалар Жаңа жылдық хор орындайды.
Би
Шығыс биі орындалады.
Аққаланың хаты
Жүргізуші
Балалар, мен қардың дыбысын естіп тұрмын...
Көрініс
Аққала демін тоқтата алмай жүгіріп келеді. Қолында хаты бар. Залға кіріп, құлап түседі.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Аққала! Бір жеріңді ауыртып алған жоқсың ба?
Аққала: Жоқ, мен әдейі құладым. Балаларды күлдірейін дедім. Сендерге хат әкелдім.
Жүргізуші: Хат кімнен екен?
Аққала: Ойлап табыңдар, балалар. Жаңа жылда бізге кім көп сыйлық береді?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар!
Аққала: Өздерің қандай тапқырсыңдар!
Қуанышты хабар
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз жолда келе жатырмыз. Қазір сендердің Жаңа жылдық тойларыңда боламыз.
Балалар: Алақай! Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр!
Ендеше, осындай қуанышты хабар жеткізген Аққалаға алғыс айтып, тақпақ арнайық.
Балалардың тақпақтары.